Оқу процесінде ментальды картаны қолдану

«Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетед і».

Н.Ә. Назарбаев

 

2019 жылғы 19 ақпанда колледж әдістемелік кеңесінің жоспарына сәйкес педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ұ. С. Марчибаева колледж оқытушыларымен және студенттерімен бірлесе отырып «Оқу процесінде ментальды картаны қолдану» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді, шара барысы оқытушыларға арналған әдістемелік семинармен жалғасын тапты.

Семинардың мақсаты «Менталды карта» (интеллект – карт,mind map) әдісін қолданудың «Таңдалған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша студенттердің біліктілігін қалыптастыруда тиімділігін көрсету болып табылады. «Менталды карта» - адам бойындағы шығармашылық және интеллектуалдық потенциалды қолдана отырып ой қозғауға, мәліметтерді құрылымдау мен өңдеуге мүмкіндік беретін құрал болып табылады.

Таңдалған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі бойынша барлық бағдарламаны көрнекі түрде менталды карталар көмегімен ұсынуға, пән бойынша мәліметтерді саралап, дайындық түрлері мен жаттығу процессі арасындағы өзара байланысты көрсетуге болады.

Аталмыш шараға үш курстың студенттерімен қатар гуманитарлық және арнайы пәндер оқытушылары қатысты.

Шара соңында колледждің оқу әдіскері Бурашева Гулмира Исаковна және арнайы пәндер оқытушысы Нарымбаев Ерсайын Бариевич ұсынылған мәліметтерді қолданудың басымдылықтары туралы ойларымен бөлісті.