«Оқытудың жаңа технологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жұмыстарындағы қиыншылықтар»

Колледж оқытушыларының әдістемелік кеңесінің кезекті отырысында оқытудың жаңа технологиялары мен оларды білім беру процесіне енгізу барысында туындайтын проблемаларды талқылау тақырыбы ортаға салынды.

  Кеңес отырысын колледж оқу бөлімінің әдіскері Г.И. Бурашева ашып,  қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін еместігін және білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологияларын оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдала мақсатында өзара тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндамашы, педагогика ғылымының кандидаты, доцент, арнайы пәндер оқытушысы – Марчибаева Ұлбосын Саметхановна «Оқытудың жаңа технологиялары және олдарды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жұмыстарындағы қиыншылықтар» тақырыбында сөз қозғады.

Мақсаты: оқытудың жаңа технологияларын оқу үрдісінде біртұтас, жүйелі және мақсатқа сәйкес қолдану үшін оқытудың жаңа технологияларының тұжырымды қағидалары мен теорияларын және сабақты құру мазмұнымен толық қарастыра, ұғынып түсіне барып, оқыту мазмұнының тұжырымды және процессуальды құрылымды элементтеріне көшу.

 Міндеттері: жалпы білім  және арнайы пәндерді оқыту барысында  жаңа технологияларды  жетілдіру және оқу-тәрбие үрдісінде тәжірибелі  әдістемелік ұсыныстарға негіздеп оқыту.