«Білім берудегі пәнаралық байланыс»

Инновациялық білім беру тәжірибесі - құзыреттілікке бағытталған білім беру үрдісінде білім алушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша студенттердің келешекте бәсекеге қабілетті болуына және заман талабына сай кәсіби мобильділікті дамытуына көмек беретіндігін көрсетеді.

Осы орайда, жалпы білім беру және арнайы пәндерді оқытудағы білім беру кеңістігінің сабақтастығын жетілдіру және оқу үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігін көрсету арқылы педагогикалық іс-тәжірибені талдау, тарату жұмыстары колледждің әдістемелік жұмысының міндеті болып табылады.

Әдістемелік бірлестік отырыстарында үнемі өзара тәжірибе алмасу мақсатында оқытушылар тарапынан ұсыныстар айтылып, жеке жұмыстарының мазмұны, білім беру процесінде туындайтын қажеттіліктер мен проблемалар талқыланады.