«Спортшы тұлғасының психологиялық табиғатын дамыту»

«Спортшы тұлғасының психологиялық табиғатын дамыту» – білім алушылардың психикалық денсаулығын және жеке құрамның психологиялық тұрақтылығын сақтау мақсатында жүргізілетін келісілген, нысаналы психологиялық жұмыстың бірден-бір өзекті мәселесі.

Аталмыш тақырып бойынша оқу жылының басында әдістемелік бірлестік ұйымының отырысы өтті. Отырыс барысында колледж психологі спортшылармен бірігіп атқарылатын психологиялық зерттеулерінің ерекшеліктеріне тың тоқталды.

Мақсаты: Спортшылардың жаттығу режиміне айтарлықтай әсер етпей жүйелі диагностика ұйымдастыру, студенттерді психология ғылымының негізгі принциптері жəне категорияларымен таныстыру, жеке адамның дамуында таным əрекеттері, жеке басына тəн қасиеттері, қабілеті, еріктік – эмоциональдық сферасы жəне қарым – қатынас, іс - əрекет аспектілерімен жеке тұлғалық ерекшеліктерімен таныстыру. Міндеті: Зерттеуде психологиялық заңдылықтармен таныса отырып, спортшының өз психологиясының дамуы барысында ақыл – ойы , танымы, өзіндік сана – сезімі, жеке басына тəн қасиеттері туралы түсініктерді қалыптастыру, күнделікті өмірде өзін - өзі басқару мен жеке басына тəн қасиеттерін, дүниетанымын, ақыл – ой, сана – сезімін дамытып отыруға үйрету.