Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесулер

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесіндегі әкімшілік-шаруашылық бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шеңберінде 2021 жылдың 17 наурызында және 22 қыркүйекте отырыстар өткізілді. Отырыстарда «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!», «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты баяндамалары және презентациялық слайд көрсетілді. Баяндамашылар: мектеп коменданты М.Какманова, СҚО «Олимпиец» бастығы Г. Игибайқызы. Қатысқан жұмыскерлер саны: 27 адам және екінші отырыста 38 адам болды.

Жиналыс барысында директордың әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары Т.М.Омаров сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары туалы және сыбайлас жемқорлықпен күресу әр азаматтың борышы екенін айтып өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша әкімшілік-шаруашылық бөліміндегі жұмыскерлер арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау, заңсыз әрекеттерге бармау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын қолдану бойынша жұмыстар жасау ұсынылды.