БАСПАСӨЗ-ПАРАҒЫ

 

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мектеп-интернат-колледжіне 2021-2022 оқу жылына қабылдау емтихандарының қорытындылары

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі- Мекеме) оқуға түсу үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 69 бұйрығымен бекітілген «Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына және 2021 - 2022 оқу жылына қабылдау қағидаларына сәйкес 01 маусым мен 20 тамыз аралығында оқуға түсуге құжаттар қабылданды.

Ата – аналардан (немесе заңды өкілдерінен) 7-11 сыныптарға оқуға түсу үшін 166 өтініш қабылданды, сондай – ақ «Дене тәрбиесі және спорт» 01140500 мамандығы, «Спорт жаттықтырушысы - оқытушы» 4S01140503 біліктілігі бойынша Мекемеге оқуға талапкерлерден 40 өтініш келіп түсті.

2021 жылғы 23-25 тамыз аралығында еліміздің әр өңірінен келген жас спортшылар таңдалған спорт түрлері бойынша жалпы дене дайындығы және арнайы дайындығы бойынша емтихан тапсырды. Колледжге түсу үшін емтихандар ағымдағы жылдың 26-27 тамызында өткізілді, оның ішінде кәсіби жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу, сонымен қатар педагогикалық жағдайды шешу, сондай-ақ мамандандыру бойынша нормативтерді тапсыру бойынша емтихандар ұйымдастырылды.

Емтихандар қаланың келесі спорт алаңдарында өтті: «Жас-батыр» спорт кешені, «Барыс-Арена» спорт кешенінің бассейні, Есіл өзенінің су айдыны, «Сарыарқа» велотрегінің сырғанау мұз айдыны, «Алау» мұзайдын сарайы және басқа да спорт кешендерде.

Қабылдау комиссиясының құрамына бокстан, грек-рим, еркін күрестен, конькимен жүгіру спортынан, мәнерлеп сырғанаудан мемлекеттік жаттықтырушылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, емтихан қабылдау кезенінде тәуелсіз бақылаушылар ретінде «Мәдениет және спорт министрлігі – «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің уәкілетті өкілдері Тілепберді Ерғожа Әлғожаұлы, Сақтағанова Айгүл Әбдіғапбарқызы және Мекеменің «Спорт және білім — Адалдық Алаңы» жобалық кеңсенің өкілі Омарова Гүлмира Жұмабайқызы қатысты.

Жоба кеңселерінің өкілдері қабылдау емтихандарын өткізу барысында комиссия мүшелері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге бақылауды жүзеге асырды, оқуға түсушілердің ата-аналарымен сөйлесті, олардың тілектерін, ескертулерін тыңдады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің сайтында көрсетілген сенім телефондары арқылы лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне/әрекетсіздігіне, шешімдеріне шағымдану немесе көрсетілген электрондық мекенжайға жазбаша өтініштер беру арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Айта кету керек, ата-аналар немесе басқа заңды және жеке тұлғалар тарапынан жазбаша наразылықтар, апелляциялық шағымдар түскен жоқ.

Биыл 7-11 сыныптарға оқуға түсуге спорттың 18 түрі бойынша 166 өтініш берілді. Грек-рим күресі, дзюдо сияқты кейбір спорт түрлерінде сайысы бір орынға 5-6 адамды құрды.

Өңірлер бойынша оқуға түсушілердің ең көп саны Нұр - Сұлтан қаласының өкілдері - 53 адам, Ақмола облысының өкілдері - 18, Түркістан облысының өкілдері – 16, Қызылорда облысының өкілдері-15 адам болды, сондай-ақ, Ақтөбе облысын қоспағанда, қалған өңірлердің өкілдері емтиханға қатысты.

Басқа спорт мектептерінде алдын ала даярлықтан өткен білім алушылар контингентін жинақтау және спорттық разрядының, спорттық атағының болуы талаптарына сәйкес 7-11-сыныптарға түсетін адамдар бойынша мынадай статистика:

- спорттық разрядтар: «1-жасөспірімдік разрядты спортшы», «2-жасөспірімдік разрядты спортшы», «3-жасөспірімдік разрядты спортшы» - 48 үміткер;

- спорттық разряд «3-разрядты спортшы» -5 адам;

- спорттық разряд «2-разрядты спортшы» -13 адам;

- спорттық разряд «1-разрядты спортшы» -19 адам;

- «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат» спорттық разряды бар - 80 үміткер;

- «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық атағы бар - 1 адам.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 69 бұйрығымен бекітілген Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп – интернат - колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларының 7-тармағының шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының чемпиондары мен жүлдегерлері болып табылатын 7-11 сыныпқа түсушілер 25 адам санында әңгімелесу нәтижелері бойынша қабылданды.

Қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша мектеп – интернат - колледжінің негізгі құрамына 7-11 сыныптардың 60 білім алушысы, ауыспалы құрамға 19 білім алушысы қабылданды.

Сонымен қатар, биылғы оқу жылында колледжге 40 спортшы қабылданды, оның ішінде 37 оқушы Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК-нің спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлері болып табылатын әңгімелесу нәтижелері бойынша қабылданды, ал 3 талапкер түсу емтихандарының нәтижелері бойынша оқуға түсті.

Осылайша, биылғы жылы оқу орнына «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат», «1-разрядты спортшы», «2-разрядты спортшы» спорттық разряды бар спортшылар көп болды. Алдыңғы циклдермен салыстырғанда жаттықтырушылардың селекциялық жұмысы жиынтықта жоғары және сапалы болып көрінеді.