Пресс-релиз

 

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің колледжіне түсу үшін қабылдау емтихандарының басталуы туралы Мунайтпасова

2021 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп - интернат – колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесіне оқуға түсетін талапкерлер үшін «Дене тәрбиесі және спорт» 01140500 мамандығы, «Спорт жаттықтырушысы - оқытушы» 4S01140503 біліктілігі бойынша 2021 - 2022 оқу жылына қабылдау емтихандары басталды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша оқуға түсетін тұлғалар арнайы емтихан - кәсіптік жарамдылығын анықтау үшін, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу әңгімелесу арқылы тапсырады.

Талапкерлерге ұсынылған жауап нұсқаларымен педагогикалық жағдайды шешуге сұрақтар қойылды. Берілген педагогикалық жағдаяттарды шешу барысында талапкерлер өз ойларын анық айтып, негізделген, нақты жауаптар берді.

Арнайы емтиханның қорытындылары Бағалау ведомосімен ресімделді және барлық талапкерлер қабылдау емтихандарын тапсырудың келесі кезеңдеріне жіберілді.

Осы күні түстен кейін «Жас – батыр» спорт кешенінің стадионында жалпы дене дайындығы бойынша емтихандар өткізілді. 36 адамнан тұратын ҚР чемпиондары мен жүлдегерлері жалпы және арнайы дене дайындығы бойынша емтихан - нормативтерді тапсырудан босатылды. Қалған талапкерлер нормативтерді тапсыруға жіберілді, соның ішінде 100 м. жүгіру, 1000 м. жүгіру, тартылу, орнынан ұзындыққа секіру. Орындалған жаттығулардың нәтижелері хаттамада тіркелді.

Ертең, 27 тамызда олимпиадалық резервінің мамандандырылған колледжіне түсушілері арнайы дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсыруды жалғасады.

{gallery}270821{/gallery}