Пресс-релиз

 

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне 2021-2022 оқу жылына 7-11 сынып оқушыларын қабылдау бойынша жалпы дене дайындығы емтихандары туралы Пресс-релиз

Нұр – Сұлтан қаласы
2021 жыл 23 тамыз

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Мекеме) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 69 бұйрығымен бекітілген «Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты және Қабылдау ережесіне сәйкес 2021 - 2022 оқу жылына 7-11 сынып оқушыларын қабылдау бойынша жалпы дене дайындығы емтихандары басталды.

Биыл Мекемеге түсу үшін 18 олимпиадалық спорт түрінен 164 үміткер таласуда. Оның ішінде 131 ер бала және 33 қыз бала.

Ең көп бәсекелестік дзюдо (31 үміткер), еркін күрес (29 үміткер) және грек-рим күресі (23 үміткер), бокс (18 үміткер) және су добы (15 үміткер) өтініш тапсырған.

Сан жағынан, белсенділік танытқан Астана қаласы оқушылары – 52 адам, Ақмола облысы - 19, Түркістан облысы – 16 және Қызылорда облысынан 15 талапкерлер емтиханға қатысуда.

Ашылу салтанатында Мекеме директоры Сапашев Мәлік Әбуханұлы жас талапкерлерге сәттілік тілеп және ең мықты спортшылар әділдік бәсекесінде өңерін көрсетіп, мектеп – интернат – колледжінің оқушылары қатарына қосылуына тілектесін білдірді.

Жалпы дене дайындығы емтихандары тапсыру барысында балалар түрлі қашықтықтарға жүгіру, орнынан секіру, турникке тартылу, кеудені жерден көтеру және басқа да нормативтерін тапсырды.

Комиссия мүшесі ретінде бокстан, конькимен жүгіру спортынан, грек – рим күресінен мемлекеттік жаттықтырушылары және Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, қабылдау емтихандарында бақылаушы ретінде «Мәдениет және спорт министрлігі – «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің уәкілетті өкілдері Тілепберді Ерғожа Әлғожаұлы, Сақтағанова Айгүл Әбдіғапбарқызы және Мекеменің «Спорт және білім — Адалдық Алаңы» жобалық кеңсенің құзыретті өкілі Омарова Гүлмира Жұмабайқызы қатысып, ата - аналармен сұхбаттасып, олардың ұныстарын тыңдап, емтихан өткізу барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырды.
Қабылдау емтихандары барлық санитарлық - эпидемиологиялық талаптары мен әлеуметтік қашықтық сақтала отырып өткізілді. Емтихан барысында медициналық қызметкерлер жұмыс атқарды.

24 – 25 тамыз аралығында спорт түрлерінен арнайы дене дайындығы бойынша емтихандар Нұр – Сұлтан қаласынын спорттық кешендерде жалғасады.

Түсу емтихандарын өткізу кезінде даулы мәселелер туындаған жағдайда жеке тұлғалар «Мәдениет және спорт министрлігі – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсенің уәкілетті өкілдеріне мына сенім телефондары арқылы: 87079740323, 87013188589 немесе электрондық мекенжайға: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. шағымдануға құқылы. {gallery}250821/26{/gallery}