Пресс-релиз

 

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне 2021-2022 оқу жылына 7-11 сынып оқушыларын қабылдау бойынша арнайы дене дайындығы емтихандары туралы Пресс-релиз

Нұр – Сұлтан қаласы
2021 жыл 24 тамыз

Бүгін тамыз айының 24 жұлдызында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде арнайы дене дайындығы емтихандары басталды.

7 спорт түрлері бойынша, соның ішінде дзюдо, бокс, жеңіл атлетика, таеквондо, жүзу, су добы, конькимен жүгіру спортынан жас спортшылар арнайы дене дайындығы бойынша емтихан тапсырды.

Бокс, дзюдо, таеквондо спорт түрлерінен емтихандар «Жас – батыр» спорт кешенінде ұйымдастырылды.

Су добы, жүзу спорт түрлерінен емтиханхар «Барыс Арена» спорт кешеніңде, ал конькимен жүгіру спортынан «Алау» спорт кешеніңде өткізілді. Жеңіл атлетика спорт түрінен «Астана триатлон» саябағында қабылдау емтихандары өтті.

Дзюдо бөліміне 33 талапкерлер Қазақстан Республикасының 9 өңірден (Нұр – Сұлтан қаласы, Ақмола облысы, Карағанды облысы, Маңғыстау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Түркістан облысы, Шығыс Қазақстан облысы және Алматы облысы) қатысып, өз салмақ дәрежесінде қарсыластарымен күресті.

Бокстан талапкерлер бес салмақ дәрежелерінде 34-36 кг. – 4 спортшы, 40-42 кг. – 3 спортшы, 44-46 кг. – 5 спортшы, 53-55 кг. – 3 спортшы, 62-65 кг. - 4 спортшы рингке қарсыластарымен жекпе – жекке шықты. Комиссия мүшелері техникалық – тактикалық дайындықтарын бағалап, айқын жеңіс иегерлерін анықтады.

Таеквондо спорт түрінен арнайы дене дайындығы емтихан, өтініш берген 4 талапкерлерден алынды, оның ішінде Нұр – Сұлтан қаласынан – 2 оқушы, Маңғыстау облысынан – 1 оқушы, Алматы облысынан – 1 оқушы. Жас спортшылар базалық техника, арнайы тебу әдістері, лапамен жұмыс жасау және өз салмақ дәрежесінде жекпе – жекте сынақ жаттығуларын өткізді.

Жеңіл атлетикадан үш жаттығудан сынақтар қабылданды, атап айтсақ 30 метр, 400 метр қашықтықтарына жүгіру және үш қарғып орнынан секіру бойынша қабылдау емтиханы өтті.

Су добынан емтиханға 10 спортшы қатысып (Нұр – Сұлтан қаласы, Ақмола облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Атырау облысынан) және төрт сынақ жаттығуларын тапсырды. Кроль жүзу 100 метрлік жаттығуда жылдамдығы бағаланды, қақпаны қорғау, допты қашықтыққа және оң/сол қолмен 25 метрге лақтыру әдіс – тәсілдер жаттығуларын орындады. Комиссия мүшелерімен нормативтер бойынша нәтижелері бағаланып, емтихандарды қабылдау туралы хаттамасында баллдары тіркелді.

Конькимен жүгіру спортынан емтихандарға 4 спортшы қатысты, үш жаттығудан арнайы дене дайындығы бойынша емтихан тапсырды.

Жүзу спорт түрінен 3 жас спортшы емтиханды 50 метр еркін жүзу және өзінің негізгі әдіс техникасы бойынша сынақ жаттығу тапсырды.

Мекеме директоры М. Сапашев емтихандардың өткізілу барысын бақылады, сонымен қатар Қазақстан Республикасы дзюдо күресінен команда жетекшісі Тимур Болат және Қазақстандық бокс федерациясының өкілі қатысты.

Екінші емтихан қабылдау күнінде «Мәдениет және спорт министрлігі – «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің уәкілетті өкілдері Тілепберді Ерғожа Әлғожаұлы, Сақтағанова Айгүл Әбдіғапбарқызы және Мекеменің «Спорт және білім — Адалдық Алаңы» жобалық кеңсенің өкілі Омарова Гүлмира Жұмабайқызы тәуелсіз бақылаушылар ретінде жұмысын жалғастырды.

Емтихандар жоғары деңгейде ұйымдастырылды, спорттың барлық түрлері бойынша бейнебақылау жүзеге асырылды, спорттық жекпе – жектердің барысы тікелей трансляция арқылы ата-аналарға көрсетілді, сонымен қатар жанкүйерлер мен ата-аналар тарапынан қандай да бір шағымдар мен ескертулер түскен жоқ. Қабылдау емтихандары барлық санитарлық – эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып өткізілді. Емтихандарда дәрігерлер бригадасы кезекшілік етті.

2021 жылғы 25 тамызда грек – рим күресі, футбол (қыздар), еркін күрес, әйелдер күресі, каратэ WTF, байдарка және каноэда есу, шорт – трек, мәнерлеп сырғану спорт түрлерінен арнайы дене дайындығы бойынша емтихандар өткізіледі

{gallery}250821/boks{/gallery}