Пресс-релиз

 

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне 2021-2022 оқу жылына 7-11 сынып оқушыларын қабылдау бойынша арнайы дене дайындығы емтихандары туралы

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ

Нұр – Сұлтан қаласы
2021 жыл 25 тамыз

Бүгін тамыз айының 25 жұлдызында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде арнайы дене дайындығы емтихандары жалғасты.



8 спорт түрлері бойынша, соның ішінде әйелдер футболы, еркін және грек-рим күресі, әйелдер күресі, байдарка мен каноэ ескек есу, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, каратэ-до (WTF) спортынан жас спортшылар арнайы дене дайындығы бойынша емтихан тапсырды.

Күрес спорт түрлері мен әйелдер футболынан емтихандары «Жас – батыр» спорт кешенінде ұйымдастырылды.

Байдарка мен каноэ есу спорт түрлерінен емтиханхарды Есіл өзенінде және «Барыс-Арена» спорт кешеніңде, ал шорт-трек пен мәнерлеп сырғанау «Сарыарқа» велотрегінің мұзайдыны кешенінде өткізілді.

Мәнерлеп сырғанаудан жас спортшылар «Қос аксель (3 әрекет)», «2-2 25 айналу турлар, (3 әрекет)», «Бильман жаттығуы 25 секунд» элементтерін көрсетуден жарысты. Сондай-ақ, колледждің 1 курсына оқуға түсетін спортшылар емтихан тапсырды. Көптеген спортшылар ҚР чемпионаттарының жүлдегерлері және халықаралық турнирлердің жеңімпаздары болып табылады, бұл мәнерлеп сырғанаушылардың жақсы кәсіби даярлығы мен мектеп – интернат – колледж қабырғасында спорт шеберлігін одан әрі жетілдіруге деген ұмтылысын білдіреді.

Шорт – трек спорт бөлімшесіне түсетін спортшылар да ҚР чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатарында, олардың спорттық шеберлігі арнайы дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсырған кезеңінде жоғары баллмен бағаланды.

Грек-рим күресі бөлімінде 4 салмақ дәрежесінде еліміздің 9 өңірінен 19 үміткер қатысты. Салмақ санаттары топтар туған жылдарына, салмақтарына сәйкес жинақталды. Жас спортшылар арнайы дене дайындығы бойынша үш жаттығу орындады, содан кейін өз салмақ дәрежелеріне сай үш белдесуден өткізді. Ең жоғарғы бәсекелестік 40 кг., 55 кг. салмаққа дейін дәрежелерінде байқалды. 35 кг. салмаққа дейін дәрежесінде жас спортшы-үміткер ең сапалы техникалық – тақтикалық әдістерімен таңылды.

Еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы емтиханға сегіз салмақ санатында 28 үміткер бірнеше ҚР облыстардан қатысты. Жас балуандар өздерінің салмақ дәрежелерінде қарсыластарымен кілемге шығып, спарринг-кездесулер өткізді, онда еркін күрес тәсілдерінде өз шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар, «көпір қалпынан айналу», «көпір қалпынан аударылу», «кеудеден асырып лақтыру» жаттығуларын уақыт бойынша орындады. Қабылдау комиссиясының мүшелері спортшылардың техникалық-тактикалық және функционалдық дайындығына баға беріп, үздіктерді анықтады.

Кыздар күресінен 3 үміткер қатысты – екеуі Шығыс-Қазақстан облысынан болса, біреуі Түркістан облысы өкілі болды. Күрес – балуан қыздары арнайы жаттығуларды орындау кезінде спорттық дайындықтың жақсы деңгейін көрсетті.

Байдарка мен каноэ есуден 4 үміткер қатысып, емтихандар Есіл өзені мен «Барыс-Арена» спорт кешенінің бассейнінде өтті. Оқуға түсуге үміткерлер Нұр – Сұлтан қаласының № 4 Балалар жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері болып табылады. Ашық суда 200 м. қашықтықта спортшылар байдарка әдісімен жаттығу орындады, ал жабық бассейнде 100 метрге еркін жүзді.

Байдарка есуден үміткер – спортшылар өте жақсы және сапалы спорттық нәтиже көрсетті. Конкурстық комиссия хатшысы ескекшілердің спорттық нәтижелерін хаттамасында тіркеді.

Каратэ-до (WTF) бөлімінде бір ғана спортшы қатысып, емтихан сынақтарын сәтті тапсырды.

Мекеме директоры М. Сапашев емтихандардың өткізілу барысын әдеттегідей қабылдау комиссиясының мүшелерімен бірге мұқият бақылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы еркін күрестен мемлекеттік жаттықтырушы Қанатқанов Дастан Жанатұлы, еркін күрестен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Нұрлан Бекжанов, грек – рим күресінен ҚР мемлекеттік жаттықтырушы Рахметов Меирхан Витальевич және мәнерлеп сырғанаудан ҚР мемлекетік жаттықтырушы Садвакасова Надежда Леонидовна қатысып, жас спортшылардың деңгейін және спорттық шеберліктерін қарап, бағалады.

Үшінші емтихан қабылдау күнінде «Мәдениет және спорт министрлігі – «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің уәкілетті өкілдері Тілепберді Ерғожа Әлғожаұлы, Сақтағанова Айгүл Әбдіғапбарқызы және Мекеменің «Спорт және білім — Адалдық Алаңы» жобалық кеңсенің өкілі Омарова Гүлмира Жұмабайқызы тәуелсіз бақылаушылар ретінде жұмысын жалғастырды.

Олар ата-аналармен әңгімелесіп, «Мәдениет және спорт министрлігі – «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің уәкілетті өкілдеріне жүгіну арқылы немесе өтініштерді, шағымдарды жазбаша/электронды түрде беру, сондай – ақ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында көрсетілген сенім телефондары арқылы қабылдау комиссиясы мүшелерінің заңсыз әрекеттері/әрекетсіздігі, заңсыз шешімдері жағдайында шағымдану құқығы туралы хабардар етті. Емтихандар жоғары деңгейде ұйымдастырылды, спорттың барлық түрлері бойынша бейнебақылау жүзеге асырылды, спорттық жекпе – жектердің барысы тікелей трансляция арқылы ата-аналарға көрсетілді.

Үшінші емтихан күні ата-аналар мен өзге де жеке тұлғалар тарапынан қандай да бір шағымдар мен ескертулер түскен жоқ.

Қабылдау емтихандары барлық санитарлық – эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып өткізілді. Емтихандарда дәрігерлер бригадасы кезекшілік етті.

2021 жылдың 26 тамызында конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша ресми емтихандардың нәтижелері жарияланады және 2021-2022 оқу жылға Қажымұақан Мұңайтпасов атындағы мамандандырылған мектеп-интернат-колледжге 7-11 сыныпқа қабылданған оқушылардың тізімі ақпараттық стендте және Мекеменің интернет- ресурсында жарияланады.