«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: жаңа шаралары», «Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері» атты тақырыбындағы онлайн - семинар

 

Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде білім алушылар және қызметкерлер арасында Нұр - Сұлтан қаласы, Сарыарқа аудандық полиция Басқармасының Криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны Саттаров Нарбай Есетұлының және «Мәдениет және спорт министрлігі – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсенің үәкілетті өкілі Тілепберді Ерғожа Әлғожаұлының қатысуымен қықтары мен міндеттері» атты тақырыбындағы жоспарланған онлайн - семинар өтті.

Кездесу барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалиева Ардақ Қазтайқызы сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұрудың бірқатар маңызды мәселелеріне тоқталды.

Қатысқан спикерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: жаңа шаралары және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері туралы айтып, презентация көрсетті.

Мекеменің заңгері және «Спорт және білім – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсенің өкілі Омарова Гүлмира Жұмабайқызы қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәмелетке толмағандардың құқықтары туралы білім алушыларды ақпараттандыру мақсатында, сұрақ қойып, спортшыларға спорттық жарыстар өткізу және жүлделі орындар беру кезінде төрешілер корпусының шешімдеріне шағымдану рәсімдеріне қатысты тиісті жоғары тұрған орган арқылы немесе сот арқылы шағымдану тәртібі туралы түсіндірді.

Онлайн-семинарға қатысқан «Мәдениет және спорт министрлігі – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсенің үәкілетті өкілі Тілепбердів Ерғожа Әлғожаұлы Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп – интернат - колледж ұжымында осындай іс-шаралар жие ұйымдастырылып, оқушыларға тәлім-тәрбие беруде маңызды екенін ерекше атап өтті.

Кездесуге жиналған қауым қызықты және орынды сұрақ-жауап форматын қолдананып отырды. Спортшы - оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бейне фильм көрсетілді.

Семинар қорытындысы бойынша онлайн-кездесуге жиналғандар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша одан әрі іс-қимылдар күшейтілетініне сенімділік білдірді.