Онлайн - семинар «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу»

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы                             іс – қимыл агенттігі 2021 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері үшін «Мәдениет және спорт министрлігі - Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі өкілдерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу» тақырыбында онлайн - семинар өткізді.

Семинар Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 116-тармағын орындау шеңберінде ұйымдастырылды.

Онлайн-семинар барысында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің модераторы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингпен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру және сақтау, сонымен бірге басқа да тетіктер сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларының бірі болып табылады. Мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды.

Семинар жұмысына Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжінің директоры, құрылымдық бөлімшелердің басшылары және жұмыс тобының мүшелері қатысты.

Семинар соңында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ұсынылған әдістері талқыланды. Оларды қолдану мемлекеттік мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге тиімді әсер етуі мүмкін.