БАСПАСӨЗ – РЕЛИЗ

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі
спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі»
республикалық мемлекеттік мекемесі

«Мәдениет және спорт министрлігі – Адалдық Алаңы» жобалық кеңесінің үәкілетті өкілдері Сақтағанова Айгүл Әбдіғапбарқызы мен Тілепбердиев Ерқожа Әлқожаұлының ұжыммен кездесуі туралы

БАСПАСӨЗ – РЕЛИЗ

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы республикалық мектеп-интернат-колледжінде «Мәдениет және спорт министрлігі – Адалдық Алаңы» жобалық кеңесінің үәкілетті өкілдері Сақтағанова Айгүл Әбдіғапбарқызы мен Тілепбердиев Ерқожа Әлқожаұлының қатысуымен кездесу өткенің хабарлаймыз.

Үәкілетті өкілдер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі өзаралық - «Парасат жолы» ынтымақтастық меморандумға қол қойылғандығы туралы ақпарат берді.
Отырыс барысында А. Ә. Сақтағанова Қ. Р. мәдениет және спорт министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарымен кездесулерді өткізгені туралы айтып өтті. Сыбайлас жемқорлыққа алдын ала төтеп беру жолдарын, сол бағыттағы күрес әдістері туралы да ойларын ортаға салды.

Е.А.Тілепбердиев өз сөзінде мекемедегі 2020 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудиторлық қызметтің өзін-өзі бағалауы туралы есеп бойынша тілектері мен ұсыныстарды білдірді. Олардың кейбіреулері «Бюджет және қаржыландыру» бөліміне қатысты болды. Тәжірибелі экономист ретінде ол қаржы ресурстарын жұмсауға, ұйымдағы есеп пен бақылауды үнемдеуге және мемлекеттік меншікке күтім жасауға ақылға қонымды тәсілдерді ұсынды.

Мекеме директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалиева Ардақ Қазтайқызы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай жоспарлаған мерекелік іс-шараларды баяндама ретінде таныстырды.

Кездесу соңында мекеме басшысы Сапашев Мәлік Әбуханұлы жобалық кеңсесінің өкілдеріне алғысын білдіріп, айтылған тілектер мен ескертулер практикалық қызметте ескерілетініне сендірді.