Пресс релиз

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі

2020 жылдың 22  қыргүйегінде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесінде оқу бөлімінің ұйымдастыруымен «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» акциясы шеңберінде 10 сынып оқушыларының қатысуымен жиналыс өтті.

Жиынға "Мәдениет және спорт министрлігі - Адалдық Алаңы" кеңсесінің уәкілетті өкілдері М.М. Дюсенов, А.Ә. Сақтағанова, С.С. Беков, мектеп директоры – М.А. Сапашев, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – С.Ж. Молдашаева, заңгер Г.Ж. Омарова және мұғалімдер қатысты.

Жиынға арнайы шақырылған қонағымыз Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы –  А.А. Аңсағанова «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дәріс оқыды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жолдарына тоқталды. Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде жаңа бастама қалыптасып жатқанын, азамат пен мемлекеттік институттарды жемқорлықтан қорғайтын ашық, кәсіби және тиімді құқық қорғау органдарын қалыптастыру бағытында құрылған превенция, парасаттылық, серіктестік департаментінің қызметіне тоқталды. Жыл сайын қыргүйек айында «Адалдық сағаттары» өткізіліп тұратынын, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына, Әл-Фарабиің 1150 жылдығына арналған «Адалдық сағаттары» өткізілгеніне тоқталды. Жастармен жұмыс жасайтын «Саналы ұрпақ», «Адал ұрпақ» клубтарының жұмыстарын таныстырып өтті. Жас спортшыларға парасаттылық, адалдық туралы құндылықтарды айта келе, ағымдағы жылы 15 қазанда өтетін ұлы тұлға, ақын және жазушы, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туған күніне арналған іс-шараларға қатысуға шақырды. Жиынға қатысқан 10 сынып оқушылары белсенділік танытып, дәріскер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікірлерін білдірді.

Келесі сөз кезегін "Мәдениет және спорт министрлігі - Адалдық Алаңы" кеңсесінің уәкілетті өкілі – А.Ә. Сақтағанова алды. Өз сөзінде «Мәдениет және спорт министрлігі-Адалдық Алаңы» жобасымен таныстырып, жобаның атқаратын қызметін түсіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс жасаудың маңызды екендігін айтты. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында мектепте «Адалдық Алаңы» кабинеті құрылғанын атап өтіп, кез-келген жағдайда туындаған сұрақтарға жауап берілетінін, сенім телефондары арқылы хабарасуға болатынын айтып өтті.

Қорытынды сөзді мектеп директоры М.А. Сапашев алды. Бүгінгі ұйымдастырылған шараға қатысушыларға алғысын білдіріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар жоспар бойынша өтіп тұратындығына тоқталды.

{gallery}230920{/gallery}