Мен, Сақтағанова Айгүл Әбдіғапбарқызы ағымдағы жылдың 21-22 тамызында Қ.Мұңайтпасов атындағы “Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат- колледжінің” жаңа оқу жылына оқушыларды қабылдау емтиханына бақылаушы ретінде қатыстым.

{gallery}2408{/gallery}

Мен, Сақтағанова Айгүл Әбдіғапбарқызы “Мәдениет және спорт министрлігі-Адалдық алаңының” өкілі, ағымдағы жылдың 21-22 тамызында Астана қаласында орналасқан Қ.Мұңайтпасов атындағы “Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат- колледжінің” жаңа оқу жылына оқушыларды қабылдау емтиханына бақылаушы ретінде қатыстым. Негізінен, Қазақстанның барлық өңірінен өз бақтарын сынау мақсатында спорттың 16 түріне бөлінген 76 орынға 165 талапкер өтініш қалдырған. Елдегі болып жатырған короновирус эпидемиясына, ауа райының қолайсыз жағдайына қарамастан емтихан қабылдау өте жоғары деңгейде өтті. Ұжым басшылығы, қабылдау комиссиясы мүшелері, “Адалдық алаңы” өкілі тарапынан сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілген. Қабылдау емтиханының сапасының жоғары болуы мақсатында білікті жоғары деңгейдегі бапкерлер талапкерледі арнайы талаптарға сай қатаң бағалады. Себебі, бюджеттен бөлінетін қаржы еліміздің абыройын асқақтататын нағыз болашақ чемпиондарды даярлауға жұмсалуы тиіс. Емтихан қабылдау барысы әділ, анық, айқын өтті деп есептеймін. Әрбір талапкердің емтихан тапсыру барысын бақылап отыру мақсатында ата- аналар мен талапкерлердің жаттықтырушыларына арналған вебкамералар мен ТВ жабдықталған бөлме ұйымдастырылған, сонымен қатар ғимарат алдында да басқа талапкерлердің ата-аналарының өз балаларының нәтижелерін басқа талапкерлермен салыстыру мақсатында да ТВ бақылаукамералары ұйымдастырылған. Екі күн ішінде ата - аналармен байланыс,атап айтқанда,емтихан барысы, қандай да қуантарлық жетістіктері, кемшіліктері, арыз-шағымдары, өтініштері жайында сұхбаттар жүргізіліп, өз арыз-шағымдарын сайтта немесе 8 707-974-03-23 сенім телефоны арқылы қалдыру мүмкіндігі барын хабардар етілді. Талапкерлерге сәттілік тілейміз!!!