Грек-рим күресінен U17 жасөспірімдер арасында Алматы облысы Қарасай ауданында өткен ҚР чемпионатының 1-ші күннің нәтижелері бойынша спортшыларымыз Шамил Досбол 60 кг салмақта, Ахалбек Әбілмансұр 71 кг салмақта жеңімпаз атанса, 60 салмақта Кабулов Әмірмұхаммед қола жүлдегер атанды! Құттықтаймыз

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт жәнедене шынықтыру істері комитеті«Қажымұқан Мұңайтпасов
атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған
мектеп-интернат-колледжі» РММ 2024 жылдың 14-23 наурыз аралығында өткізілетін Наурызнама он күндігінің
ЖОСПАРЫ барысынды 21 наурыз “Ынтымақ, Бірлік, Татулық” күніне орай 7-8 сынып оқушыларының құттықтауы

 

Еліміздегі Наурызнама онкүндігінің жетінші күні - Ұлттық спорт күні.
⚜️ Біздің ұлттық спортымыз – тек сайыс пен жарыс емес, онда көшпелі тұрмыстың рухы бар. Ұлы Далада күш-қайрат, ептілік, өзін-өзі кемелдендіруге ұмтылыс, жақындарына тіреу болу қабілеті өмір сүру мен дамудың кілті саналған.
Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледж ұжымы қалыс қалмай, Ұлттық спорт күніне өз үлесін қосуда!
Бүгің, мекеменің ұжымы наурыз мерекесін тойлап, ұлттық спорт ойындарына да белсенді қатысты. Асық ату, бес асық, табан тіреу, ләңгі, тоғызқұмалақ, жастықпен құлату спорт түрлеріне студенттер, оқушылар, ұстаздар, тәрбиешілер мен әкімшілік қызметкерлер өз ара жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. Ең үздік Ұлттық киімі номинациясының "чемпионы" да белгілі болды.
Келе жатқақ Әз-Наурыз құтты болсын, ағайын!

Біздің ұлттық спортымыз – тек сайыс пен жарыс емес, онда көшпелі тұрмыстың рухы бар. Ұлы Далада күш-қайрат, ептілік, өзін-өзі кемелдендіруге ұмтылыс, жақындарына тіреу болу қабілеті өмір сүру мен дамудың кілті саналған.
Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледж ұжымы қалыс қалмай, Ұлттық спорт күніне өз үлесін қосуда !

 

Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті музыкалық аспабы домбыраның бірде күмбірлеген, бірде шертілген ойлы дыбысы құлаққа жағымды,жүрекке жақын, оның күмістей сыңғырлаған үні талай сырдың басын қайырады. Сымдай тартылған қос ішектен сан ғасырдың сан алуан сипаты ақыл-ойы, көңіл күйі жатыр.
Домбыра - көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі.
Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжде тәрбие бөлімі мен спортшы-балалар, Наурыз мереке қарсанында ұйымдастырған Ұлттық аспап--домбыраның құрметіне, мерекелік кеш өтті.
Іс-шара барысында жиналған көрермендерге домбыраның аңыз-терең тарихы туралы ақпараттар айтылып, сыңғырлы ән-күй-термелер шырқалды.
Сонау түркі дәуірінен тамыр тартатын ұшан-теңіз руханиятымыздың бір саласы – музыка өнері. Ұлы даланы ен жайлаған бабаларымыздың бұл салада қалдырған асыл мұрасы – халқымыздың баға жетпес ұлттық қазынасы. Сол алтын кеніштің ішіндегі ешбір халықта кездеспейтін феномендік құбылысқа балауға болатын күй, терме, жанрлары ерекше назар аудартады. Ықылым замандардан бері осы бір ғажайып домбрада ойнау өнері ұрпақтан-ұрпаққа дәстүр жалғастығы арқылы қазіргі дәуірімізге де жетті.

 

 

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылдың ақпан-наурыз аралығында қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын педагогтер үшін «Идеялар марафоны» аймақтық байқауын өткізді.
Байқауға елорда және аймақтық жалпы білім беру мектептері қатысты. Біздің мекеме ұстаздары да белсене қатысып сабақ пен іс-шараның бейнежазбасын ұсына отыра жүлделі орындарға ие болды! Құттықтаймыз💐

 

Бұл күн ұлттық киімге арналады. Сан ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі қарапайымдылығымен және ұтымдылығымен ерекшеленеді.
Ұлттық киім үлгісінде пайдаланылатын былғары, жүн, киіз, мата сияқты табиғи материалдар, асыл тастар мен металдар адамға жылулық пен жайлылық сыйлаумен қатар, киім иесінің атақ-дәрежесін, байлығын көрсететін.
«Қазіргі модернизация дәуірінде ұлттық киім өз мәнін жоймай, бұрынғы дәстүрлер мен заманауи үрдістерді үйлестіре отырып, жаңа интерпретацияға ие болды. Ұлттық стиль ұлттық мінез пен ұлт бірлігін айшықтай отырып, ел мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігіне айналды.
Ұлттық киім күні – киім үлгісі арқылы әр адамға өз даралығын білдіруге, сонымен қатар Қазақстанның бірлігі мен мәдени әралуандығын танытуға мүмкіндік береді.
Бұл айтулы күні біз әрбір қазақстандықты өз мәдениеті мен ұлттық бірегейлігін мақтан тұтуға, ата-бабаларымызға құрмет көрсетуге және озық дәстүрлерімізді қазіргі заманға жалғауға шақырамыз!
Айта кетсек, Атырауда өткен Ұлттық құрылтай барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде кейбір ірі компаниялар мен оқу орындары ұлттық нақышта киіну үрдісін енгізіп жатқанын, оның өте орынды бастама екенін, оны қолдап, ауқымын кеңейте түскен жөн екені айтқан болатын. Сондай-ақ соңғы жылдары ел ішінде қара киініп, тұмшаланып жүретін адамдар пайда болғанын, алайда қара киімнің біздің халқымыздың дүниетанымына қайшы екенін мәлімдеді.

 

Көрісу күні қай уақытта тарих сахнасынан орын алғаны туралы тарихшыларда бір тоқтамға келген пікір жоқ. Дегенмен оның шығу төркіні тереңде жатқаны талас тудырмайды. Көрісу күні негізінен, Батыс Қазақстан аумағында атап өтіледі. Бұл осы өңірдің бүгінге дейін мал шаруашылығымен айналысып келуімен тығыз байланысты. Себебі үскірік аязды алты ай қыстан мал-жанның аман-есен шығуы киіз үйде тұратын жұртшылық үшін қиын болғаны анық. Содан қар еріп, жер жіби бастағанда шеті мен шегі жоқ далада тарыдай шашылған халық туған-туысын, жақын-жуығын іздеп, бір-бірімен көрісетін болған. Яғни, бұл күн — көктемге аман-сау жеткен халықтың тілек айтып, бір-бірімен қауышатын күні. Сондай-ақ, 14 наурыз — ескі күнтізбе бойынша наурыздың алғашқы күні болып есептеледі.
Мереке құтты болсын, ағайын!

Астана қаласында жасөспірімдер арасында конькимен жүгіруден өтіп жатқан Қазақстан Чемпионатында Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің спортшылары топ жаруда.
Жуырда, Кангвон қаласында (Оңтүстік Корея) аяқталған IV жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы, астаналық мұзды желаяқ Руслан Жанадилов, осы жолы да өз шеберлігін дәлелдеп, мықты екенің көрсетті.
Көпсайыс нәтижесі бойынша, мекеменің 10 сынып оқушысы чемпион атанып, мектеп мәртебесін тағы да бір саты жоғары көтерді.
Арина Гаврилова, Глеб Терентьев, Айзада Рымбек - қола медальға қол жеткізіп, тұғырдың үшінші сатысына шықты.
Мұзтабан шеберлері қатарынан мектеп оқушысы Екатерина Шабасова да үздік нәтиже көрсетіп, күміс медальға ие болды.
Құтты болсын!
Ертең, балалар жеке және жеке-командалық сайысқа қатысады.

Астана қаласының "Алау" мұзайдыны сарайында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтуде.
Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК-ің конькишісі, Ел Орда намысын қорғап жүрген спортшысы Ақберен Исабеков, төрт қашықтық жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды иеленіп, алтын медальды мойынына тақты!
Бәрекелді!
Алда, әлі де жарыстар күрдері жалғасуда.
Оқу-спорттық ұстахананың конькимен жүгіру бөлімшесінің аға бапкері Кенжеш Сәрсекенованы және жаттықтырушылар тобын шәкіртінің үлкен жетістігімен құттықтаймыз!

В г. Атырау, в эти дни проходит традиционный, Республиканский турнир по плаванию среди юношей и девочек "Весёлый дельфин-2024".
Спортсмены РСШИКОР им. Х. Мунайтпасова, после первого этапа соревнований, показали отличные результаты и по праву считаются лидерами в своих возрастных категориях.
Во второй соревновательный день наши пловцы показали следующие результаты:
🥇 золото
Эстафета 4х50в/ст девушки/Дружок Дарья, Ерлан Жания, Макулжанова Малика/
🥉 бронза
Ерлан Жания 400в/ст.
Напомним, что в первый соревновательный день в бассейне нефтянной столицы "кажымукановцы" также доминировали на всех дистанциях и стилях плавания:
🥇 золото
Ерлан Жания 200к/п
Нурумбаев Арсен 400в/ст
Эстафета 4х50 комб девушки/Макулжанова Малика, Ерлан Жания, Курмангали Аиша, Дружок Дарья/
Эстафета 4х50 комб юноши /Сергазин, Бекжан, Шеркенов, Нурумбаев/
🥈 серебро
Макулжанова Малика 200к/п
Бекжан Альтаир 400в/ст
🥉 бронза
Курмангали Аиша 200к/п
Шеркенов Рустам 400в/ст
Поздравляем весь тренерско-преподавательский состав отделения плавания школы, в лице Натальи Шпилевой, Анны Гершевич и других наставников-коучей РСШИКОР им. Х. Мунайтпасова.

🇰🇿Су добынан Қазақстан жастар құрамасы қола жүлдегер атанды. 3-орын үшін өткен ойында жігіттеріміз Қытай командасын 7:4 есебімен тізе бүктірді!

Су добы. Ұлдар. 3-орын үшін матч

🇰🇿Қазақстан - 🇨🇳Қытай 7:4 (0:1, 3:2, 1:1, 3:0)

Голдар:

4️⃣ Егор Белоусов
2️⃣ Нұрасыл Сәтберген
1️⃣ Кирилл Пантелеев
Қола жүлдегер қатарында төрт бірдей Қ. Мұңайтпасов спортшылары бар.
Егор Белоусов-команда капитаны!