Владивостокта өтіп жатқан "Дети Азии" атты халықаралық додада бүгін 4 тамыз күні дзюдодан ел қоржынына төрт жүлде, яғни бір күміс және үш қола медаль түсті.

   «Азия балалары» халықаралық ойындарының жүлдегері атанғандар: Қарлығаш Тельман (күміс, 63 келі) және Әлия Ходжаназарова (қола, + 70 келі), Расул Мухум (қола, 81 келі), Әлихан Назымханов (қола, +90 келі).
   Осымен Қазақстан құрамасы биылғы «Азия балалары» ойындарын аяқтады. Ұлттық құрама бұл сынға тек қана екі спорт түрінен (таэквондо мен дзюдо) қатысқан болатын. Аталған екі спорт түрінен 20 спортшы қатысып, 15 медаль женіп алып, нәтижесінде жалпыкомандалық есепте 9-шы орында тұрмыз. Ойындар аяқталғанша алғашқы ондықтан түспесек соның өзі біз үшін үлкен жетістік.
   Жас спортшыларымыздың қол жеткізген жетістіктері құтты болсын! Бұл жеңістері олардың болашақтағы үлкен жеңістерінің бастауы болсын!
  Ал, таеквондо жарысында Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің спортшысы Дәрия Манасқызы чемпион атанды! Бәрекелді!

{gallery}000/news/2022/08/05{/gallery}