2022 жылдың 25 маусымында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжіне тиесілі "Олимпиец" атты денсаулықты нығайту- сауықтыру орталығы жаңа жазғы маусымын бастады.
Ашылу салтанатына арнайы мекемеге Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев өзі қатысып, нысанға оң бағасын берді.


Ел Ордадан 400 шақырымға жуық жерде орналасқан "лагерь" табиғатымен барша халықты қызықтыруда. Курорттық аймақта орман, таулар және көлдер жеткілікті. Балалар демалыс кезеңде денсаулықтарын нығайтып, қосымша спорттағы оқу-жаттығу  жиындарын да өткізуде.
Басқа аймақтардан келген спортшы-оқушылар өз әріптестерімен осы жерде "спаррингтерін" өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісуде.
Жазғы демалыс маусымы 4 бөлімшеден тұрады: бір кезең - 12 күн.
Келеміз дегендерге-есік үнемі ашық!