Бүгін, 2022 жылдың маусым айының 14 жұлдызында,  Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің мамамандырылған Республикалық мектеп-интернат-колледждің 11 сынып оқушылары мен 3 курс колледж студенттеріне аттестаттар мен дипломдар салтанатты түрде табысталды.


Сөз кезегінде мекеме директоры Мәлік Сапашев түлектерге сәттілік тілеп, өмірлік сәт сапарға батасын берді. Құттықтау рәсіміне ата-аналары, мектеп ұстаздары мен тәрбиешілер қатысты.
Тапсыру рәсіміне басшының орынбасарлары да белсенді қатысып балалардың сый марапатына ие болды.
Биылғы оқу жылы жемісті болды спортшыларымызға. 82% оқушы-спортшыларымыз өз жастары бойынша Қазақстан Ұлттық құрама командасының мүшелері.
Көптеген халықаралық додаларда топ жарып Қазақ Елін көпшілікке таңытты біздің "қажымұқандықтар".
Ал, биылғы мектеп және колледж табалдырығынан шыққан спортшыларға тек сәттілік пен жігерлік тілейміз.
Белсенді және намысты болыңыздар,  2022 жылғы түлектер!
{gallery}000/news/2022/06/16{/gallery}