Қ. Мұңайтпасов ат. ОРРММИК құжаттарды қабылдау: 7, 8 және 9-сыныптарға түсу кезінде жыл сайын 1 маусымнан бастап 20 тамызға дейін қоса алғанда;

10 және 11-сыныптарға түсу кезінде жыл сайын 15 маусымнан бастап 20 тамызға дейін қоса алғанда.
Қ. Мұңайтпасов ат. ОРРММИК-на қабылдау келесі олимпиадалық спорт түрлері бойынша жүргізіледі: әйелдер күресі, байдарка және каноэда ескек есу, бокс (ерлер/әйелдер), грек-рим күресі, дзюдо, еркін күрес, жеңіл атлетика, жүзу, конькимен жүгіру спорты, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау, таеквондо, шорт-трек, шосседегі және тректегі велоспорт.

Қ. Мұңайтпасов ат. ОРРММИК оқуға түсушінің ата-анасынан немесе басқа да заңды өкілдері келесі құжаттарды ұсынады:
1) еркін формадағы өтініш;
2) оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын немесе туу туралы куәлігінің
(жеке сәйкестіндіру нөмері бар) көшірмесі;
3) ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдің жеке басын куәландыратын
құжаттың көшірмесі;
4) спортшының жеке карточкасы;
5) жалпы орта білім туралы құжат (оныншы, он бірінші сыныптарға қабылдау
үшін);
6) куәліктің көшірмесі немесе бұйрықтың көшірмесі, немесе спорттық
атақтар мен разрядтардың беру туралы бұйрықтан үзінді. (Бұйрықтың көшірмесі
немесе спорттық атақты беру туралы бұйрықтан үзінді уәкілетті органның
мөрімен расталады, ал бұйрықтың көшірмесі немесе спорттық разряд беру
туралы бұйрықтан үзінді жергілікті атқарушы органның мөрімен расталады);
7) мекен-жай анықтамасы;
8) 3х4 өлшемдегі алты фотосурет, фотосуретті сақтау үшін қағаз конверт,
оқуға түсушінің жеке құжаты тігілетін мұқаба;
9) 086/у нысаны бойынша медициналық анықтама флюросуретімен (15
жасқа толған жағдайда) қоса; 026 – нысана бойынша бала денсаулығы паспорты;
063/у – нысаны бойынша егілу кітапшасы; □ медициналық қорытындысымен
жүректің ультрадыбыстық зерттеу нәтижесі (УДЗ); □медициналық
қорытындысымен бүйректің ультрадыбыстық зерттеу нәтижесі (УДЗ); □
медициналық қорытындысымен ішкі қуыс органдарының ультрадыбыстық зерттеу
нәтижесі (УДЗ); □ медициналық қорытындысымен электрокардиограмма (ЭКГ);
□медициналық қорытындысымен электроэнцефалограмма (ЭЭГ) - бокс бөлімшесіне
түсушілер үшін; □медициналық қорытындысымен бас миының магнитті резонансты томографиясы (МРТ) - бокс бөлімшесіне түсушілер үшін; □ қанның жалпы талдауы
(қолдану мерзімі 10 күнге дейін); □зәрдің жалпы талдауы (қолдану мерзімі 10 күнге
дейін); □Манту тұрақты түрде оң реакция көрсеткен жағдайда фтизиатр – дәрігердің
анықтамасы; □ стоматолог – дәрігерден медициналық қорытындысымен тістердің
санациясы өткізу туралы анықтамасы; □ эндокринолог – дәрігерден медициналық
қорытындысымен анықтама; □ эпидемиологиялық орта туралы анықтама; □ата-
аналарының жеке куәлік көшірмелері; □ мұқаба тігетін папка, құжаттар салынатын
файлдар.
Қосымша: медициналық құжаттар жоғарыда көрсетілген рет-ретімен бөлек
файылдық папкіге тігілу қажет.
10) оқуға түсушілер үшін, бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық іс-
шаралардың күнтізбесіне енгізілген республикалық және халықаралық спорттық
жарыстарда жүлделі орындар алғандығын куәландыратын дипломдар мен
грамоталардың көшірмелері (болған жағдайда);
Қ. Мұңайтпасов ат. ОРРММИК оқуға түсуге арналған арнайы емтихандар екі
кезеңнен тұрады:

  • бірінші кезең: жалпы дене дайындығы бойынша емтихан ағымдағы


күнтізбелік жылдың 23 тамызында «Қажымұқан» спорт кешенінің (Астана
қ., Конституция көшесі, № 3 үй) базасында өткізіледі;

  • екінші кезең: арнайы дене дайындығы бойынша емтихан ағымдағы


күнтізбелік жылдың 24-25 тамызында танданған спорт түрлері бойынша Нұр-
Сұлтан қаласының спорттық кешендер базаларында және «Қажымұқан» спорт
кешенінде өткізіледі.
Қ. Мұңайтпасов ат. ОРРММИК-не оқушыларды қабылдау нәтижелері туралы
ақпаратты конкурстық іріктеуден кейінгі келесі күннен кешіктірмей Мекеменің
интернет – ресурстарында http://www.kazhimukansportmektebi.kz және ақпараттық
бұрышында жарияланады.
Қ. Мұңайтпасов ат. ОРРММИК колледжге техникалық және кәсіптік білімі бар
орта буын мамандарын даярлау бойынша тұлғалардың оқуға өтініштерін 0103000
«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы, 010303 3 – «Спорт жаттықтырушысы -
оқытушы» біліктілігі бойынша 2 жыл 10 ай мерзімі негізінде, күндізгі оқу бөліміне
қабылдайды.
Қ. Мұңайтпасов ат.ОРРММИК оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау орта
буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім
беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 20
маусымы мен 20 тамызы аралығында жүзеге асырылады.
Қ. Мұңайтпасов ат. ОРРММИК колледжінің бірінші курсына оқуға түсу
кезінде келесі құжаттар ұсынылады:
1) еркін формадағы өтініш;
2) оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жалпы орта білім туралы аттестат;
4) Бірыңғай ұлттық тестілеу сертификаты немесе кешенді тестілеу
сертификаты (бар болған жағдайда);
5) келесі спорттық атақтар мен разрядтардың бірін беру туралы куәліктің
немесе бұйрықтың көшірмесі (бұйрықтан үзінді): «Қазақстан Республикасының
еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының халықаралық
дәрежедегі спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шебері», «Қазақстан
Республикасының спорт шеберлігіне үміткер».
Спорттық атақты беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді
уәкілетті органның мөрімен расталады, спорттық разряд беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді жергілікті атқарушы органның мөрімен
расталады;
6) 3х4 өлшемдегі алты фотосурет;
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а. 2010 жылғы
23 қарашадағы № 907 бұйрығының 3-қосымшасында бекітілген амбулаториялық-
емханалық ұйымдардағы медициналық құжаттардың түпнұсқалары, яғни № 086/ж
үлгісіндегі медициналық анықтама (қанның, несептің жалпы талдауының деректері
өтінім беру күніне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын, стоматолог, эндокринолог,
кардиолог, туберкулезге қарсы маманның (тұрақты Манту реакциясы жағдайында)
қорытындысы) № 026 нысан бойынша баланың медициналық анықтамасы, № 063/у
нысаны бойынша профилактикалық егулер картасы, сондай-ақ эпидемиологиялық
жағдай туралы медициналық анықтама; жүректің, бүйректің, ішектің мүшелерінің
ультрадыбыстық зерттеуі туралы медициналық қорытындысы;
электроэнцефалограф негізінде жасалған медициналық қорытынды, сондай-ақ
мидың магниттік-резонанстық көрінісі туралы қорытындысы (бокс бөліміне түсу
кезінде), фтизиатриядың қорытындысы;
8) бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне
еңгізілген халықаралық немесе республикалық, немесе облыстық, республикалық
маңызы бар қалалардың, астананың спорттық жарыстарда жүлделі орындар
алғандығын куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыстың
хаттамалардың көшірмелері (бар болған жағдайда);
9) Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған
спортшының жеке карточкасы.
Қ. Мұңайтпасов ат. ОРРММИК оқуға түсушілерге қабылдау емтихандары
күндізгі оқу нысаны бойынша өткізіледі:

  • бірінші кезең - ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 тамызында кәсіби


жарамдылықты анықтау үшін, оның ішінде педагогикалық жағдайды
шешу бойынша әңгімелесу Қ. Мұңайтпасов ат. ОРРММИК оқу корпусында
(Нұр - Сұлтан қ., Бөгенбай батыр даңғылы, № 5-үй) және жалпы дене дайындығы
бойынша арнаулы емтихан «Қажымұқан» спорт кешенінде өткізіледі (Нұр - Сұлтан
қ., Конституция к-сі, № 3-үй);

  • екінші кезең - ағымдағы күнтізбелік жылдың 26 тамызында таңдаған спорт


түрінен арнайы дене дайындығы бойынша арнаулы емтиханы Қ. Мұңайтпасов ат.
ОРРММИК «Қажымұқан» спорт кешенінде өткізіледі (Нұр - Сұлтан қ.,
Конституция к-сі, № 3-үй) және Нұр – Сұлтан қаласының спорттық кешендер
базаларында өткізіледі;

  • үшінші кезең - ағымдағы жылғы 27 тамызында пәндер бойынша


емтихандар Қ. Мұңайтпасов ат. ОРРММИ оқу корпусында өткізіледі (Нұр - Сұлтан
қ., Бөгенбай батыр даңғылы, № 5-үй).
Қабылдау емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
Қабылдау ережесі туралы толық ақпаратты Мекеменің интернет –
ресурстарында http://www.kazhimukansportmektebi.kz және 8 (7172) 56 06 47 телефоны
бойынша таныса аласыз.

IMG 20220525 WA0081