ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА

Бүгін, 2021 жылдың14 желтоқсанында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің мамандырылған республикалық мектеп-интернат-колледжінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей-тойы қарсанында мерекелік іс-шара өтті.

Оқу бөлімі ұйымдастырған мерекелік жиын-спектакль-концерт барша жиналған қауымның көңілінен шықты: балалар өздері жасаған қойылымдар өте әсерлі болды. Әсіресе, қазақтың батыры, біртуар азаматы, "желтоқсан құрбаны" болған Қайрат Рысқұлбековтың монологынан кейін көбінің көздері жасқа толды...

Сөз кезегін алған мекеме басшысы Мәлік Сапашев Еліміздің ең басты мерекесімен жиналған қауымды құттықтап, ұжым жетекшілеріне арнап, марапаттау рәсімін бастады. Спорт және оқу бөліміне жауапты директор орынбасарлары: Дәулет Садырбаев пен Саракүл Молдашаева, өз салалары бойынша министрліктің арнайы дипломдары мен алғыс хаттары және мерекелік медальдарымен бір қатар ұстаздарды, жаттықтырушыларды, мекеме жұмыскерлерін марапаттады.

Қызықты, көңілге толы және думанды кеш концерттік бағдарламамен аяқталды.

{gallery}21-12-2021-2{/gallery}