ТҮЛЕКТЕРІМІЗГЕ-АҚ ЖОЛ!

 

Бүгін, 12 маусым, біздің колледж бітірушілері мен 11 сынып оқушыларының- ерекше күні-диплом мен аттестат тапсырылатын күні!

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің мектеп-интернат-колледждің 2021 жылғы түлектері оқуларын ойдағыдай аяқтап енді ересек жолына табан тіреді.

Сәтті сапарға аттанар алдында мекеме директоры Мәлік Сапашев балаларға денсаулық, ақ жол, сәттілік, спорттық жетістіктерге үнемі қол жеткізе беруге тілек білдірді!

Ата-аналар тарабынан да алғыс сөздер айтылып, ризашылық тілектер білдірілді.

Оған қоса, үздік ұстаздар да марапатқа ие болды.

Атап өтсек, 99% мектеп бітірушілеріміз биыл өзіміздің колледжге түсуге бел буып отыр. Әрине, біз олардың осындай ниеттеріне сүйіспеншілікпен қараймыз!

Ал, колледж түлектері жоғары оқу мекемелеріне жол тартады. Спорттық мансабын жалғастырады. Жастар, Ұлттық құрама командаларда өнер көрсетеді!
Іске сәт, ақ жол, жас түлек-2021!