Біздің мекемеде Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерей-тойы салтанатты түрде тойланып өтті!

Бүгін, 7 сәуірде, елорда төрінде орналасқан Қ. Мұңайтпасов атындағы республикалық спорттық мектеп-интернат-колледжінде Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерей-тойына байланысты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Еліміздің түкпір түкпірінде жыл басынан бері қазақтың тұлғасы, апайтөс палуандарымыздың бірі, күш атасы Қажымұқанның мерей-тойы мерекеленуде. Ал, 7 сәуір болса – оның ресми туған күні. Осыған орай, аталған оқу-спорттық мекемесінде «Қажымұқан Мұңайтпасов – қазақ даласының батыры» атты мерекелік іс – шара ұйымдастырылынып, ойдағыдай өтті.

Аталған салтанатты кеште осы мектептің белгілі түлектері, басқа да жанашыр отандық спортшылар бейне жазба арқылы өз жолдауларын жеткізді. Соның ішінде: Ермахан Ыбырайымов, Әлия Юсупова, Мерей Ақшалов, Гюзель Манюрова, Нұрбақыт Теңізбаев т.б. майталман тұлға ардагер-атлеттер.

Мерекелік іс-шарада мекеме басшысы Мәлік Сапашев сөз кезегінде жиналған қауымға мектеп ұжымына алға қойған мақсаттарын жеткізіп жылы лебіздерімен бөлісті.

Концерттік бағдарламада кәсіби әншілермен бірге өз өнерлерін мектеп-оқушылары да паш етті.

Кеш соныңда, колледждің бас менгерушісі, педагогика саласының магистрі, Гүлмира Борашеваның басқа жұмысқа ауысына байланысты марапаттау рәсімі өтті.

Осымен Қажымұқан бабамыздың мерей-тойын мерекелеуі рәсімі тоқталмайды. Жыл бойы, арнайы құрылған жоспарға сәйкес, біздің мекеме тұрақты түрде спорттық және мәдени іс-шараларды ұйымдастырады.

Салтанатты іс-шара барлық санитарлық-эпидемиялық нормаларға сай өтті.