БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекттік мекеме «Адалдық Алаңы» жобалық кеңселерінің қызметі туралы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға қабылданған өзгерістер» тақырыбы бойынша     

 

БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМА

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы республикалық мектеп-интернат-колледжінде «Нұр-Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының 1-ші орынбасары, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменттің Ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Қожахметов Шыңғысхан Шопанұлы мен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменттің бас маманы Райымбаев Данияр Исраилұлының қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың новеллары атты онлайн-семинар өткенің хабарлаймыз.

Сөз кезегінде Ш. Ш. Қожахметов барша жиналған қауымға ризашылығын білдіріп  «Адалдық Алаңы» жобалық кеңселерінің қызметі туралы таныстырып өтті. Оған қоса, спикер ретінде, жиналған қауымға толыққанды кеңестер беріп өз тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен мемлекеттік органдардың қызметін ашық және айқын ету мақсатында мемлекеттік органдардың халыққа қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшуі мақсатында, мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігің арттыру үшін Open space атты форматы ұйымдастырылды.

Агенттіктің өкілдері мектептің бірінші басшының кеңсесі (кабинеті) ғимараттың бірінші қабатында орналасу мәселесін де түртіп өтті. Осыған байланысты үлкен қажеттілігі бар сынып бөлмелерін мектеп қажеттілігі үшін ауыстыруды жүзеге асыру және шағын ауласы бар кабинеттерді пайдалану бойынша ұсыныстар жасалуы тиістігін атап өтті.     Онлайн-конференция барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және аумақтық департаменттердің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен, «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» баспасымен бірлескен бастамалары туралы айтылды.

Сөз соныңда Қожахметов мырза елімізде тойланайып деп жатқан Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерей-тойына байланысты жылы лебіздерімен бөлісті.

Спикер Д.И. Райымбаев сөз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары туралы, оның ішінде сотталған жемқор шенеуніктер үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануды алып тастау, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің, судьялардың, пара берушілер мен делдалдардың пара алу кезінде сыбайлас жемқорлыққа жауапкершілікті күшейту, сотталғандардың күшін жою туралы материалдарды ұсынды.

Өз пікірін мен ойын ортаға «Мәдениет және спорт Министрлігі- «Адалдық-Алаңы» жобалық кеңселерінің үәкілетті өкілі Тілепберді Ерғожа Әлғожаұлы  салып жылы тілектерін білдірді.

Қ. Мұнайтпасов мектебінің тәрбие жұмысы директорының орынбасары Қалиева Ардақ Қастайқызы өз мәлімдемесінде біраз тұрақты мәселелерге тоқталды.

Жиын мәресінде, модератор қызметін атқарған мекеме заңгері Омарова Гүлмира Жұмабайқызы спикерлерге сұрақтарын қойып толық жауаптарын да алды. Ұсыныс та жасалды модератор тарабынан: мектеп-интернат - колледж студенттері мен мекеменің жаттықтырушы-оқытушылар құрамы арасында тәрбиелік сипатта болатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізуін керектігін алға тартылды.

Бұл кездесуде қатысушылар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға қатысты, қоғам мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлыққа, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне төзбеушілікке ынталандыруға бағытталған пайдалы ақпарат қамтылғаны сөзсіз.

         

         

Астана қаласы, Бөгенбай даңғылы, 5

Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледж

Онлайн-семинар

2021 ж., 6 сәуір, 15:00

 

Анықтама ретінде:

Спикерлер: Қожахметов Шыңғысхан Шопанұлы – «Нұр-Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының 1-ші орынбасары, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменттің Ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі.

Райымбаев Данияр Исраилұлы - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменттің бас маманы.

Қатысушылар: Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің мамандырылған мектеп-интернат-колледждің» ұжымы, Қамзолдаев Марат Болысбекұлы – «Мәдениет және спорт Министрлігі - «Адалдық-Алаңы» жобалық кеңселерінің үәкілетті өкілдіктің басшысы, Тілепберді Ерғожа Әлғожаұлы -  «Мәдениет және спорт Министрліг і- «Адалдық-Алаңы» жобалық кеңселерінің үәкілетті өкілі, Сақтағанова Айгүл Әбдіғапбарқызы - «Адалдық-Алаңы» жобалық кеңселерінің үәкілетті өкілі.