Дәулет Садырбаевтың ұсынысымен ұйымдастырылған кеңейтілген жаттықтырушылар кеңесі өтті.

Құрметті достар!

Бүгін, біздің мекемеде, директор орынбасары Дәулет Садырбаевтың ұсынысымен ұйымдастырылған кеңейтілген жаттықтырушылар кеңесі өтті.
Жиын барысында мектеп-интернаттың бас дәрігері Рита Жанғазиева пандемияға байланысты керекті және манызды деректілермен бөлісіп бапкерлерден қосымша ұсыныстарды сұрады.

Спорт дәрігер вакцинациялау мәселесі туралы да әнгімені қозғап кетті.

Жаттықтырушылар ойларында жүрген пікірлерімен, өзекті ұсыныстарымен, проблемаларымен бөлісіп, басшыларға жеткізді.

Келесі аптаның сейсенбісінде, дәстүрлі түрде жыл сайын, директордың қатысуымен өтетін "2020 жыл қорытындысы бойыншы есеп беру және 2021 жылға жоспар құру" жиынына сақадай сай дайын екендерін білдірді.