23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтуде.

Құрметті достар!
22-25 ақпан аралығында Ақтөбе қаласында грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтуде.

Үш күнге жоспарланған сайысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 14 облыстан 200 ден астам палуан қатысуда.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұлттық құрамаға іріктеліп, әлем және Азия чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады.

Пандемияға байланысты аталмыш жарыс көрермендерсіз және толық санитарлық нормаларға сай өтуде.

Жарыстың бірінші күнінің қорытындысы бойынша Қ.Мұңайтпасов атындағы интернат-колледжің спортшылары, 87 кг салмақ дәрежесінде Сайлау Мақсат жеңімпаз атанып, сол салмақта Ерланов Ерзат қола жүлдені жеңіп алды.
Құтты болсын!
#qajymugansportmektebi
#қажымұқанспортмектебі
#грек-рим
#грекоримскаяборьба