X-шы "Қысқы Гимназиада" ойындарының салтанатты ашылуы өтті.

Бүгін, елордамызда орналасқан "Алау" мұзайдыны сарайында, мектеп оқушылар арасындағы X-шы "Қысқы Гимназиада" ойындарының салтанатты ашылуы өтті.

Бағдарлама бойынша, осы комплекстік сайыстардың бірінші жарысы-қыздар мен ұлдар арасындағы конькимен жүгіру спорт түрі.

Ашылу саланатына арнайы ҚР Мәдениет және спорт Министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, ҚР Білім және ғылым Министлігі, Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының бас директоры Тастанбек Есентаев, конькишілер Ұлттық Федерациясының бас хатшысы Анжелла Макишевалар келіп қатысты.

Қ. Мұңайтпасов атындағы спорттық мектебінің конькимен жүгіру бөлімінің бес шәкірті (аға жаттықтырушы - Кенжеш Сәрсекенова) - осы жарыстың белсенді қатысушыларының бірі болып табылады.
Айта кетейік, бұл байрақты бәсекеде әр аймақтан келген 8 ұжым қатысуда.