2020 жылдың 6 қаңтарында, елордада «Сарыарқа»

22 қаңтар аралығында Швейцарияның Лозанна қаласында өтетін III қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына Қазақстан құрамасының ресми құрамын шығарып салу рәсімі өтті. Рәсімге ҚР Ұлттық Олимпиада Комитетінің және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, жаттықтырушылар құрамы мен жас спортшылар қатысты.

Ресми рәсімде Қазақстан туы Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК спортшысы, шорт-трекші Санжар Жанисовқа табыс етілді. Алдағы ойындарда Қазақстанның намысын 9 спорт түрінен 27 спортшы (15-18 жас) қорғайтын болады.Әлемдік аренада еліміздің намысын біздің мектептің конькишілері - Алина Дауранова мен Нұрала Ақжол қорғайды.

Лозаннадағы III қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы 2020 жылдың 9- 22 қаңтарына дейін жалғасады. Алдағы жарыстарға 15-18 жас аралығындағы 70 елден 1880 спортшы қатысады. Ойындар бағдарламасы спорттың 16 түрі бойынша ұсынылған.