Қ.Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК қызметкерлері арасындағы спартакиада!

Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 13-14 аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 28-жылдығына орай және «Жастар жылы» аясында «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ қызметкерлері арасындағы спорт түрлерінен спартакиада өтті. Жарыстың мақсаты –салауатты өмір салтын насихаттау және қызметкерлер арасында достық қарым қатынасты нығайту болды. Аталған жарысқа ұжымымыздың барлық бөлімдері қатысып: дойбы, үстел теннисі, волейбол спорт түрлерінен өз арасында мықтыны анықтады. Жарыс күндерінің қортыныдысы бойынша жалпы командалық есепте командалар келесі нәтижеге қол жеткізді:

  • І орын – «Қажымұқан» командасы (жаттықтырушылар);
  • ІІ орын – «Қыран» командасы (тәрбие бөлімі);
  • ІІІ орын – «Ұлан» командасы (оқу бөлімі).

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!