Бүгін еліміздің барлық білім беру ұйымдарында "Алтын сақа" республикалық челленджі басталып, екі миллионнан астам оқушы асық атуға қатысты. "Төрт тоқсан - төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында өтіп жатқан іс-шара Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжінде де өтті.
Осы іс-шараға мұрындық болған мекеме басшысы тәрбие беру жөніндегі директордың орынбасары Қалиева Ардақ Қазтайқызы қатысып асық ату ойыны арқылы оқушылардың бойына патриоттық сезім ұялатып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, бірлік пен ынтымақты арттыруға септігі тиеді деп атап өтті.
Сонымен қатар осы оқу-спорттық ордасының әдіскері, шараның нұсқаушы-төрешісі Нұралы Тілешев басшылық атынан ұйымдастырушыларға және балаларға ризашылығын білдіріп, мекеме тарабынан алдағы уақытта да Асық ату спортына әдіскерлер тобы қолдау көрсететіндігін жеткізді.
Ал, Ардақ Қазтайқызы өз кезегінде осындай игі бастама көтергені үшін Қ.Р. Оқу-ағарту министрлігіне "қажымұқандық" асық атушылар атынан алғыс айтты.
Осыдан кейін спортшы-балаларымыз асық атып, республикалық челленджді бастап берді.
Осылайша, бүгін еліміздің барлық өңірінде оқушылар асық ойнап, ұлттық ойынымыз төрге шыққан күн болды. Бүгінгі оқушылар ертеңгі еліміздің патриот азаматтары екендігін ескерсек, асық ойынының болашағы жарқын болады деп нық сеніммен айтуға болады. Асықтарымыз әрқашан алшысынан түсіп, жеңісті күндеріміз көп
https://kazhimukansportmektebi.kz/kz/novosti/1754-azhym-an-sportshylary-asy-atty#sigProId82a686511e