«Бейбіт заманның батыры»

 Мақсаты:  өрт сөндіруші мамандығының маңыздылығын, оның жеке басының кәсіби қасиеттерін көрсету;  өрт сөндіруші мамандығының ерекшеліктерімен және құрылу тарихымен таныстыру;  өмір мен денсаулықты қорғайтын шешім қабылдау қабілетін қалыптастыру төтенше жағдайдағы адам;  тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу: жауапкершілік, күш ерік, батылдық, әрқашан көмекке келуге дайын болу. Мамандық таңдауға бағыт беру.

     Ғаламдағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматтарға тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап етеді. Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары болуы керек. Себебі, бұл іс сәл мүлт кетуді кешірмеуі мүмкін. Бүгінгі заманымыздың батыры 2002-2005 жылдары «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернатнда оқып,еркін күрес спортымен айналысқан түлегіміз,  2012 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институты (ҚР ІІМ ТҚК)2012 жылы ҚР ІІМ Көкшетау техникалық  институтын бітірген, «Өрт қауіпсіздігі - әскери іс және қауіпсіздік бакалавры» білімі бойынша   диплом алып,  Қазақстан Республикасы ТЖМ  Астана  қаласы ТЖД "БК және АСР" ММ № 5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау майоры Батыргужинов Иса Агыбаевич.