Бүгін, 2023 жылдың 1 мауысымында, Еліміздің барша аймақтарында орта мектепті аяқтап жатқан оқушыларға арнап «Соңғы қоңырау» атты салтанатты іс-шаралар өтуде. Білім ордасында 11 жыл оқып, тәлім-тәрбие алып, бірінші белестерін бағындырған мектеп түлектері – бүгінгі біздің басты кейіпкерлеріміз.
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде бүгін, «Сыңғырла, күміс қоңырау» атты мерекелік кеші өтті.
Мекеменің 11 «А», «Б», «В» сынып түлектері спорттық-оқу «меккесінің» ұясынан қанаттарын кең жайып, алыс сапарға ұшып шығуда.
Биылғы оқу жылының мектеп жетістіктері айтарлықтай жеткілікті болды. Спорттық натижелері мен білім беру және алу сапасы, тәрбие көрсеткіштері мен материалдық-техникалық жабдықтау мәселелері де жоғары деңгейде болды.
Сөз кезегінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбсары Бекболат Байжанов мырза мекеме оқушыларын «Халықаралы балаларды қорғау» күнімен және соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, мектепке, атқарушы органның қойған жоспарлары мен жетістіктерін атап өтті. Биыл, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Кубогың «қажымұқандықтар» екінші рет жеңіп алып, кешенді жарыс жүлдесін өздерінде қалдырды. Оған қоса, мекеме түлектері де биыл халықаралық жарыстарды жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, Еліміздің абыройын биікке көтерді.
Бокстан, Ташкент қаласында өткен Әлем чемпионатында Сағындық Тоғамбай, Айбек пен Нұрбек Оралбайлар Ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп мектептің атын дүние жүзіне шығарды.


Астана қаласында күрес түрлері бойынша сәуір айында өткен Азия чемпионатында Қ. Мұңайтпасов оқу-спорттық ордасының түлектері Ұлттық құрама командасының 20%-ың құрап жеңімпазар мен жүлдегерлер қатарына еңді.
Конькимен жүгіруден, мекеме студенті Алина Дауранова, биылғы маусымда жастар арасындағы Әлем чемпионаттары және Әлем Кубоктары кезендерінің жеңімпазы мен жүлдергері болды.
Мекеме директоры Мәлік Сапашев оқушылардың оқуға және спортқа деген ынтасы жоғарлағанын атап өтті.
- Егерде, былтыр 12 оқушы осы кезеңде үздік болып шықса, биыл 17 жеткіншегіміз үздік бағамен оқу жылын аяқтады. Оған қоса, спорттық нәтижелері де біршама артты. Спорттық разрядтары мен дәрежелері де қосылып, көбейді.
Ал, 2022-2023 оқу жылының оқудан Ең Үздік – «Жыл үздігі» болып, көркем гимнастика бөлімінің шәкірті, 11 сыныбының оқушысы, Айдана Шаяхметова болып танылды. Оның суреті биылғы мектеп тақтайшасына орнатылады.
Мерекелік кеш барысында түлектер арнайы мектеп вальсің орындап, ғашап әзірлеген номерлерін де ата-аналары мен ұстаздарға паш етті.
Соңғы қоңырау соғу рәсімі 11 сынып оқушысы Айдынғали Төлендік пен 7 сынып оқушысы Айсұлу Болатоваға берілді.