Осы күндері, Қазақстан Республикасы мектеп оқушыларының ХI қысқы гимназиада бағдарламасы бойынша, Астана қаласында орналасқан "Алау" мұзайдыны сарайында, ұлдар мен қыздар арасында конькимен жүгіру жарыстары өтті.
Байрақты бәсекенің бірінші күнінің қорытындысы бойынша Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт мектебі оқушылары биік тұғырдан көрінді!
Конькимен жүгіру бөлімінің спортшысы, 9 "А" сынып оқушысы Руслан Жанаділов, жасөспірімдер арасында, 1500, 3000, 5000 және 500 м. қашықтықта, гимназиада жеңімпазы атанды!
Мекеменің 11 "А" сыныбының оқушысы Абылайхан Қайырғазы 1500, 5000 және 3000 м. жарыстарында күміс жүлдеге ие болды.


Қыздар арасындағы жарыста, 9 "В" сынып оқушысы Екатерина Шабасова 1500, 1000 және 500 м. қашықтықта қола медальға қол жеткізді.
Құттықтаймыз!
Бұл жеңістерді балаларымыз Наурыз мерекесіне арнап отыр.
Оған қоса, ерекше алғысты олардың бапкерлеріне де білдіреміз.
Қ. Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің конькимен жүгіру спорт түрінен жаттықтырушылар тобына рақметімізді арнайы жолдаймыз!