Қажымұқан Мұңайтпасов атындығы мектеп-интернат-колледждің спорттық залында асық ату ойының жарысы өтті.
Мектеп оқушылары Наурыз мейрамына орай "QAJYMUQAN CAP" атты сайысқа тәжірибелерін жинақтап, тиянақты түрде дайындалып келгендері сезіліп-ақ тұрды.


Байрақты бәсекеге 20-ға жуық спортшы қатысып, өз жүлдегерлері мен жеңімпаздарын анықтады.
7-11 сынып оқушылары асық ату өнерін сіңдіріп, шеберліктерін арттырып, тартысты жарыста жоғары дәрежедегі нәтижеге ие болды.
Ұлттық спорт түрлері мекемеде кеңінен дамыған: тоғызқұмалақ, арқан тарту, қол күресі, асық ату, қазақ күресі, хан дойбысы, ләнгі, т.б., тәрбиеленушілердің қызығушылығың арттыруда.
Тәрбие бөлімінің күшімен ұйымдастырылып жатқан осындай додалар балаларға рухани жаңғыруға септігін тигізеді.
Ляйім солай болғай!