Бүгін, 22 наурызда, Қ. Мұңайтпасов атындағы оқу-спорттық ордасында наурыз мерекесіне орай, тәрбие берушілер бөлімінің ұйымдастыруымен, "Қош келдің, әз-наурыз" атты, бұқаралық іс-шара өтті.
Ұлттық ойындар мен тағамдар кеңінен насихатқа, ал қазақтың салт-дәстүрлері құрмет-марапатқа ие болған думанды кеш, барша жиналған қауымның көңілінен шықты.


Балалар асық-ату, арқан-тарту, қол күресі, т.б. ұлттық спорт түрлері ойындарына белсенді түрде қатысып, өз жеңімпаздарын анықтады.
Қыздар тобы ұлттық тағамдарды өз қолдарымен әзірлеп дәмді дастарханды келген қонақтарға паш етті.
Мереке құтты болсын, ағайын!

WhatsApp Image 2023 03 22 at 18.17.25

WhatsApp Image 2023 03 22 at 18.17.25 1

WhatsApp Image 2023 03 22 at 18.17.25 2