Еліміздің жастар ойындарында, конькимен жүгіруден, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледж спортшылары, "Алау" мұзайдында, өз жеңістерімен көпшілікті қуантуда.
Жарыстың екінші күнінде де, қоржынымызға медальдар саны көбейе түсті.
1,000 м. қашықтықта Алина Дауранова, әдеттегідей, кезекті жеңісіне қол жеткізіп, алтын жүлдеге ие болды!


Оған қоса, командалық жүгірісте, біздің қыздарымыз (Дауранова, Гаврилова, Рахымжанова және қосалқы құрамдағы Жәрдембек) екінші орынға тұрақтады.
Ерлер арасында, командалық жарыста, Михаил Глущенко (Алматы қаласы атынан сайысқа түсті) әріптестерімен бірге чемпион атанды!
Алдияр Төлегенов, Руслан Жанаділов және Азамат Сатқожа осы дисциплинада үшінші орынға табан тіреп, қола медаль иегері болды.
Бүгінгі күннің қорытындысы: 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль.
Жарыс ертең жалғасады.