Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің ұжымы атынан және жеке өз атымнан Сізді келе жатқан​ Жаңа 2023 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Биылғы жылы елімізде айтарлықтай өзгерістер орын алып, Қазақстан Республикасы үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Соның ішінде спорт саласындағы ұлы жеңістер мен елеулі табыстар қуантады.
Алда 2023 - Париж қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына іріктеу мен дайындық жылы! Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын дүбірлі сайыста Қазақстан спортшылары, соның ішінде, біздің мекеменің түлектері, туымызды биікке көтеріп, жеңіске жетер жолда қайраты мен жігерін аямай, еліміздің даңқын арттыра түсетініне сенімдімін.
Келер жылда жеңісті сәттеріңіз бен шабытты шақтарыңыз көп болып, төрткүл дүние спортшыларымыздың әлемдік деңгейдегі табыстарына қол соғып, Әнұранымыз биік мінбелерде шырқала берсін!
​Жаңа жылда Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, бақ-береке тілеймін! Жан жүрегіңіз қуанышқа толып, шуақты күндеріңіз молынан болсын!

Ізгі ниетпен,
Директор​ ​ ​ ​ ​ ​
Мәлік САПАШЕВ