Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық дайындық орталығының конькимен жүгірушісі, Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің 1 курс студенті, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Алина Дауранова Нидерланд елінде өтіп жатқан Әлем Кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды.

Ол Әлем Кубогі кезеңінің «В» тобында 500 метр қашықтыққа жүгіруден екінші орынға тұрақтады. Алина 38.75 секунд уақытын көрсетіп, жеке рекордын орнатты. Бұл нәтиже спортшымызға келесі жарыстың «А» тобына жолдама алуға мүмкіндік берді. Жарыс желтоқсан айында Канадада өтеді.