Атырау қаласында осы күндері жудо күресі бойынша ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.
Еліміздің барша 20 аймағынан келген 500-ден астам қатысушылар мұнай астанасында өзара мықтыларын анықтауда.

60 келі салмақ дәрежесінде Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің 3 курс студенті Мерей Марханбетов күміс медальді жеңіп алды! Финалдық белдесуде біздің спортшымыз тек татами қожайыны, атыраулық жудошына жол берді.
Құтты болсын жүлделі орын!

{gallery}000/news/2022/11/15-2{/gallery}