Бүгің, 2022 жылдың 15 қарашасында, Қажымұқан Мүңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледжінде мекеме жұмыскерлері мен оқушылары Қазақ Елінің және Астана қаласының ардагерлер кеңесінің өкілдерімен кездесті.

Сыйлы қонақтар қатарында: Озғанбаев Өмірзақ Озғанбайұлы-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы жоғарғы мектебі ғылыми Академиясының академигі, педагогика ғылымдарының кандидаты, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қызметкері, Маңғыстау облысының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының ардагерлер кеңесінің бірінші орынбасары.
Темірбеков Болат Жанатұлы-Отан қорғаушылар мәселесімен айналысып жүрген сыйлы ардагері.
Есілов Сансызбай Сейтжанұлы-Астана қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Мекеменің тәрбиешілер бөлімі ұйымдастырған тамаша кеш барысында келген мәртебелі қонақтар өз сыйлықтарын табыстады.
Кітап-рухани құндылық! Сөз кезегін алғын Өмірзақ Озғанбаев ағамыз, жиналған қауымға қызықты және пайдалы ақпараттармен бөлісті. Өткен шаққа бет бұрып, сол уақыттағы, қазіргі заманға сай, қасиетті ұғымдарды пайдалануға, кеңес берді. Оған қоса, мекеме кітапханасына өз кітаптарын және "Қажымұқан" атты, қолдан тоқылқан кілемді сыйға тартты.
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат К. К. Тоқаевтың сенімді өкілі ретінде, Озғанбаев мырза өзінің үгіт-насихат жұмысы туралы да талқылап өтті. "Алдымызда үлкен саяси наухан келе жатыр-20 қараша күні Қазақстан Республикасының Президентің сайлау күні. Сайлаушылар ретінді Сіздерді осы манызды іс-шараға белсенді түрде қатысуға және өз болашағыңыз үшін дауыс беруге шақырамын", деді спикер.
Белгілі саясаткер, қоғам қайраткері, Еліміздің беткі ұстар азаматтарының бірі, Астана қаласы және Ақмола облысы әкімдерінің экс-орынбасары Сансызбай Есілов-осы, Ақмола өңірінің тумасы. Сөз кезегінде Сансызбай Сейтжанұлы ыстық ілтипатын білдіріп балалармен өз басынан кешкен қызықты оқиғалармен бөлісті.
Болат Темірбеков ағамыз жиналған қауымға сәттілік тілеп, спортшыларымызды Олимптың биік шыңдарынан ғана көріне беруге шақырды.
Мекеме басшысы Сапашев Мәлік Әбуханұлы қадірлі қонақтарға ризашылығын білдіріп, арнайы сыйлықтарды табыстады.
Осындай құңды, керекті және пайдалы кештер өз жалғасын үнемі табады деген ниетпен, үміттеміз.

{gallery}000/news/2022/11/15{/gallery}