Бүгің, 11 қараша күні, Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледжінде спорт түрлері бойынша дәстүрлі жыл қорытындысының есебін беру және келесі жылғы жоспарлары туралы отырыстар басталып кетті.

18 олимпиада спорт түрлерін қамтитын оқу-спорт ордасының бөлімшелері өткен жылдың спорттық нәтижелері мен келесі жылдың жоспарларын таныстыруда.
Бірінші болып грек-рим күресі бөлімшесі бастады.
Дәурен Кегенбаев бастаған жаттықтырушылар тобы жылдық есебін берді.
Өткен жылға қарағанда биыл грек-рим бөлімшесінің балалары спорттық нәтижелерін нығайтып, көрсеткіш бойынша үстем болды.
Көптеген халықаралық, республикалық додаларда топ жарып, алдынғы қатардан көрініп жүрді. Мекеме спортшылары: Дінмұхамед Қошқар, Бағдат Сабаз және т.б. Қазақстан Ұлттық құрама командасының мүшелері болса, жастар мен жасөспірімдер арасында ел намысын жыртып жүрген грек-рим күресінің спортшылары жеткілікті (жалпы, Қазақстан құрама командаларында 45% "қажымұқандықтар" құрайды).
Есеп беру барысында аға бапкер келер жылдың жоспарымен бөлісті. Алда, бізді көптеген Әлем және Азия Чемпионаттары күтуде, халықаралық турнирлер де жеткілікті.
Фармакология, ғылым, медицина, психология, тамақтандыру, іс-сапарға аттандыру мәселелері де талқыға салынды.
Жаттығатын спорттық жабдықтар толыққанды мемлекеттік сатып-алу процедурасы арқылы алынғаны туралы да аталып өтілді.
Мекеме тарабынан грек-рим күресі бөлімшесіне барша керекті жағдайдын бәрі жасалынып жатыр.
Есеп беру қорытындысы бойынша, бөлімше жұмысы жақсы деген, бағаға ие болып, басшылардың көңілінен шықты.

{gallery}000/news/2022/11/11{/gallery}