2022 жылдың 8 қарашасында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледжінде 
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
ведомстволарының ведомстволық

бағынысты ұйымдарының
қызметінің тиімділігін
бағалау жұмыстарын түсіндіру бойынша оқыту семинары өтті.
Семинар спикері, мекеме заңгері Гүлмира Омарова, жиналған жауапты қауым өкілдеріне арнайы ережелерін түсіндіріп, құңды және керекті кеңестермен бөлісті.
Ереже бойынша, жылына екі рет, ҚР Мәдениет және спорт Министрлігіне қарасты мекемелер арнайы кешеңді есеп тапсырады. Оның өз механизмдері және талаптары бар. Мекеме ашықтығы, қаржысы, мемлекеттік сатып-алу әдістері, әкімшілік-қожалық жұмысы, заңамалар, оқу, тәрбие, жаттығу бағыты, т.б.манызды іс-шаралар еске алынып, соңын қорытындысы бойынша, рейтингтік бағалар (балдар: өте жақсы, жақсы, қанағаттарлық, қанағаттарлықсыз)  қойылады атқарушы орган тарабынан.
Бұл, жаңадан қолдана бастаған тәсіл, әр мекеменің жұмыс тиімділігін тексеру және арттыру үшін ұйымдастырылуда.
Оған қоса, мекеме басшысының "рейтингіне" ықпал етеді.
Атап өтсек, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 14 шілдедегі № 191 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ведомстволарының ведомстволық бағынысты ұйымдарының (мемлекеттік мекемелер) қызметінің тиімділігін бағалау туралы жаңа бұйрығы шыққан еді.

{gallery}000/news/2022/11/09-1{/gallery}