Алматы қаласы іргесінде орналасқан "Первомайские пруды" елді-мекеніңде ескек есуден 2006-2007 ж.т. спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.

Бірінші жарыс күні қорытындысы бойынша Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің спортшылары жақсы нәтиже көрсетіп, топ бастады.
Жарысқа, жалпы Еліміздің түпкір түпкірінен, 15-16 жастағы, 100-ден аса ескекшілер қатысуда.
1000 метрлік қашықтықта ескек есуден біздің тәрбиешілеріміз айтарлықтай атой салды: ұлдардан Краснонос, қыздардан Тұрсын-Ұлттық біріншіліктің чемпиондары болып атанды! Құтты болсын!
Оған қоса, Горбова екінші орынды жеңіп алса, Баранов қола медальді қанағат тұтты.
Максим Станкеев бастаған бапкерлік топқа алдағы күндердегі жарыстарда сәттілік тілейік.

{gallery}000/news/2022/09/27-2{/gallery}