Қажымұқан Мұңайтпасов атындығы олимпиада резервінің республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледждің намысын қорғайтын футболшы қыздары төрт кезеңнен тұратын Қазақстан чемпионатында (U-19) тамаша өнер көрсетіп, вице-чемпион атағына ие болды!

Биыл, осы жас аралығында, әр аймақтан жиналған Ұлттық біріншілікте, алты қыздар ұжымы қатысты. 
Байрақты бәсекеде, маусым бойы белді командалардың қатарында біздің мекеменің оқушы-спортшы аяқдопшылары жоғары нәтиже көрсетті. Тіпті, 4-5 қызымыз енді ғана 14 жасқа ғана толып, соған қарамастан, өздерінен жастары үлкен футболшыларға төтеп беріп, негізгі құрамда да ойнап жүрді.
Чемпионат аяқталды. Қоржынымызда-күміс медаль!
Біріншіліктің қорытындысы бойынша Чемпионаттың ең үздік шабуылшысы "қажымұқандық" Полина Осипова атанды! Оның қанжығасы майланып, шеберліктің арқасында, ол 28 доп соқты! Бәрекелді!
Ал, үздік қақпашы номинациясын тағы да біздің шәкіртіміз-Анастасия Хохлова жеңіп алды!
Мекеме ұжымы барша бапкерлік топты, оның ішінде: Айтпай Жамантаев, Орынбасар Дәуренбекова, Еділхан Рабаев және Әкімбек Шыналиевтерді шын жүректен құттықтайды!

{gallery}000/news/2022/09/27{/gallery}