2022 жылдың 22 қыркүйегінде, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледжінде келешек ұрпаққа - балаларымызға маңызы зор іс-шара ұйымдастырылып, нәтижелі түрде өтті.

Мектептің мәдени залында мекеме директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары   А. Қ. Қалиева және тәрбиеші Т.С.Камзина ұйымдастыруымен Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының учаскелік инспекторлары: полиция капитаны Куланбаев Рүстем Бекболатұлы, ювеналдық полиция капитаны Қайырбекова Айсұлу Ерғалиқызымен және 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Бұл іс-шараның тақырыбы: «Құқықтық сана-қауымға пана» болып табылды.
Жалпы біздің қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі, ол: буллинг, кибербуллинг, мобингтің алдын алу шараларын жүзеге асыру. Оқушылар арасында бопсалау, әлімжеттік, қоқан-лоққы, т.б. тәрбиеден тыс амал-әрекеттерді болдырмау және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу – бұл барша мұғалімдер мен тәрбиешілердің, ата-аналар мен құқық қорғау органдардың парызы мен міндеті.
Өткен шараның мақсаты, ол: оқушылардың өз құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдында жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдық пен  тәртіпшіліктің тиімді жолдарын таба білуге үйрету, оқушылардың бойында демократикалық көзқарасты қалыптастыру, буллинг, кибербуллингтан аулақ болу, құқықтық сауатылыққа тәрбиелеу. 
Шара барысында оқушыларға бала құқықтары жайлы кең және тың мәлімет  берілді . Кез келген зорлық- зомбылықтан балалардың құқықтары заңмен қорғалатындығы айтылды. Атап өтсек, Қазақстан Республикасының жасөспірім азаматы 14 жастан бастап Қазақстан Республикасының қылмыстық істері заңнамаларына сәйкес, заңды түрде жауапқа тартыла алады, егерде қылмыс жасаса, әрине.
Отырыс соңыңда мектеп оқушылары көптеген сұрақтарға толық жауап алып, өздерінің  құқықтық сауаттылығын көрсете білді. Осындай, заңға қайшы іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында өткізілген іс-шара оқушылар үшін өте қажет және де өз жалғасын табады.
Полиция қызметкерлері өз телефондарымен балалармен бөлісіп, жедел жағдайда, кезкелген уақытта, хабарласуға болатының жеткізді.
Ашық диалог – сенімділіктің кепілі! Ауруын жасырған – ажалсыз өледі. Сол себептен, осындай кездесулер өте манызды да және пайдасы да зор. Жұмыла көтерген жүк-жеңіл! Баршамыз бір жұдырық болып келеңсіздікке жол бермей, тұтас ұжым болып, төтеп берейік!

{gallery}000/news/2022/09/22{/gallery}