2022 жылғы № 1/2 "ZHARGYN Bolashak" республикалық ғылыми - әдістемелік журналында х.Мұңайтпасов атындағы республикалық спорт мектеп-интернат-колледжінің мұғалімдері Ж. К. Мақышпекова – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және Ж. Е. Сихимбаева –математика пәнінің мұғалімі "Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: тарихы мен бүгіні" атты мақаласы жарық көрді.

Мақалада "сыбайлас жемқорлық" сөзінің анықтамасы, оның білім беру саласында пайда болу себептері қарастырылды. Сыбайлас жемқорлықтың біздің қоғамда тамыр жайғаны, көпшілігіміз бұл процестің қоғамға еніп кеткенін байқамайтындығымыз туралы айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйе толыққанды және барынша тиімді жұмыс істеуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша интернет - ресурстар арқылы мемлекеттің халықпен толық "кері" байланысын құруға мүмкіндік беретін «электрондық үкімет» бағдарламасының енгізлуі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар құрылғандығы, атап айтқанда «Нұр Отан», «Халықтық-демократиялық» партиясының жұмысын жандандыруы айтылды.

Әр адам кез-келген өмірлік жағдайда өз қызметін қоғам өмірінің ажырамас бөлігі ретінде бағалау қабілетіне дайын болуы керек.

{gallery}000/anticor/2022/06/merop{/gallery}

Ағымдағы жылы 13 маусымда, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ-нің заңгері мекеменің құрылымдық бөлімшелері арасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының нормаларын түсіндіру бойынша семинар өткізді.

Академиялық адалдық қағидаттарын сақтау, академиялық мәдениет деңгейін арттыру, білім беру процесінің барлық субъектілері арасында колледжде адал және ашық қарым-қатынасты нығайту, кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзімсіздікке баулу мақсатында 2022 жылғы 07  - 10 маусым аралығында «Спорт және білім – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің уәкілетті өкілі Омарова Гульмира Жұмабайқызы колледж студенттерінің мемлекеттік емтихандарды тапсыруы кезеңде тәуелсіз бақылаушы ретінде қатысты.

2022 жылдың 18 мамырында тәрбиеші Т.с. Камзина Ішкі істер органдарының өкілдерімен Сарыарқа ауданы КҚПБ аға опералық уәкілі полиция капитаны Б. Қапаевпен, полиция майоры Р. Р. Берекетовамен, Сарыарқа ауданы ПБ ЖПҚБ аға инспекторы Г. О. Кенжебековамен  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл-әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.

2022 жылы 29 сәуірінде «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесінің 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағатында оқушыларға 2015 жылғы  18 қарашада қабылданған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы түсіндіріліп, Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар 11 сынып оқушылары осы тақырып бойынша өз пікірлерімен бөлісті.

Дата: 13.05.2022 г

Класс: 8 «В»

Тема: «Вместе против коррупции».

Присутствовало: 13 уч-ся

Провела: Макышпекова Ж.К.

2022 жылдың 9 наурызында Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. К. Қалиева және «Сарыарқа» ауданы ПБ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы полиция майоры Гүлжан Оралқызы Кенжебекова, аға жедел уәкіл полиция майоры Нұрсұлтан Қуандықұлы Айтбаев және полиция майоры Римма Ренатқызы Бекетова, кіші полиция сержанты  Әсем Токенқызы Нұриманова бірлесіп Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған интернат – колледжінің жастары арасында  «Әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.  

      Сонымен қатар біздің мектебіміздің заңгері  Омарова Гүлмира Жұмабайқызы қатысты.

Оқушы - спортшылар сұрақтар қойды:

Мақсаты: Білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымдарын және жемқорлықпен жан-жақты күресу барысында сауаттылық негіздерін қалыптастыру

Сыныптар: 8 "А", 8 "Б"

Жауапты мұғалімдер: Қанапияева Э. А, Артықбаева Г. Д

Сыбайлас жемқорлық туралы сананы қалыптастыру жөнінде семинардың баспасөз релизі.

 Сыбайлас жемқорлық қоғамымыздың қауіпті дерті болғандықтан онымен күрес күн өткен сайын күшейіп келеді.    

2022 жылғы 04 сәуірде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесінің тәрбие бөлімінің ұжымымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде семинар  өтті. 

2022 жылдың 17 наурызында "Сарыарқа" ауданы ПБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы полиция майоры Кенжебекова Гүлжан Оралқызы, №25 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторы Құланбаев Рүстем Бекболатұлымен бірге Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде «Жасөспірімдердің жасаған құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілігі!» тақырыбында әңгіме жүргізілді.

{gallery}000/anticor/2022/06/merop/17{/gallery}

2022 ж.10.03. Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК  тәрбиеленушілері мен ұстаздары  Қазақконцерт құрамындағы «Astana Musical»» театры сахналаған «ЕНТ» атты драмасын,  жаңа туындыны тамашалады!

Сюжет өте қызықты. Мектеп бітіруші  сынып оқушылары мұғалімді туған күнімен құттықтауға келеді.  Сүйкімді тосынсый сияқты, бірақ бұл жағдай одан  алыс.   Мұнда әркімнің өз мақсаты бар,  өз көздегендері бар. Барлық кейіпкерлер ар-ожданымен келісе ала ма? Олар қанша уақытқа  созылуы мүмкін? Өйткені, өзімшілдік үшін күресте барлық құралдар жақсы…

15 ақпанда  студенттер арасында  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттердің көзқарасы» тақырыбында дөңгелек үстел  өтті.

Мақсаты: Жастардың көзқарасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттап, қалыптастыру,  «Сыбайлас-жемқорлық»  деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу