Мақсаты: Білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымдарын және жемқорлықпен жан-жақты күресу барысында сауаттылық негіздерін қалыптастыру

Күні: 07.10.2022ж.

Мұғалімі: Қанапияева Э. А., Артықбаева Г. Д.

Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдан бастап ілгері дамып келеді. Еліміздің жаңа қоғамда экономика, саясат, білім-ғылыммен қатар, спортта да жеткен жетістіктері айтарлықтай көп.

Ағымдағы жылдың 23 қазанында тәрбиеші А. М. Жолдыбаева интер-

нат оқушыларына сыбайлас жемкорлыкка карсы «Жемкорлыкка жол жоқ» атты әңгіме сағатын өткізді. Қатысқаны – 12 адам.

Мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласында оқушылар-

дың құқықтық сауаттылығын арттыру, оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру.

Міндеті:

2022 жылдың 07 қазанында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің тәрбие бөлімі қызметкерлері арасында сыйбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында кездесу жиыны өтті. Кездесудің мақсаты – ұжым арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық принциптерін енгізу болып табылады.

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледж студенттері сыбайлас жемқорлыққа түбегейлі қарсылығын білдіруде (бейнероликті студенттер өздері әзірлеген)

2022 жылғы 26 қыркүйекте спорт бөлімінің қызметкерлері, соның ішінде жаттықтырушылар, спорт әдіскерлері арасында «Спорттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараға мекеменің заңгері Омарова Гүлмира Жұмабайқызы қатысты. Ол өз сөзінде сыбайлас жемқорлық спорттағы армандарды бұзатынын, болашақты айыратынын және әділетсіз қарым-қатынаста болған белгілі бір спортшыны ғана емес, сонымен бірге бүкіл қоғамға теріс әсер ететінін атап өтті. Спорт саласында спорттық төрешілікпен, спорттық жарыстарға қатысуға бюджет қаражатын бөлумен, шығыстар сметасын бекіту бойынша, дене шынықтыру-спорт ұйымдарының директорларын тағайындау бойынша, құрама командалардың тізімдерін қалыптастыру және бекіту бойынша басшылардың, оның ішінде дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдардың жеке-дара шешімдер қабылдауымен байланысты көптеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде мекемемізде ұстаздар арасында "Қоғамға қауіпті кесел-сыбайлас жемқорлық" атты құқықтық оқыту жиналысын ұйымдастырылды. Жиында қозғалған мәселелер қазіргі таңдағы сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланысы жоқ екеніңе дәлелденген. Оның ішінде, аталған сыбайлас жемқорлық, Қазақ Елінде де, әлеуметтік құбылыс ретінде, өкінішке орай, өз өмірін жалғастырып келуде. Ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейтіні туралы да нақты айтылды.

Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.   10.09.2022 жылы  әйелдер күресі мен қыздар футболы бөлімдерінде өскелең ұрпақтың   сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында түсіндірме сағатын тәрбиеші М. Джанпеисова өткізді. 

Бүгін Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің ұжымында Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында кездесу жиыны өтті. Кездесудің мақсаты – ұжым арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық принциптерін енгізу болып табылады.

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледж балалары отбасы күні мерекесін атап, бейнероликтермен бөлісті.

Қ. Мұнайтпасов атындағы Республикалық мектеп-интернат-колледжінің қабырғасында 2022 жылдың 31 тамызында жаңа оқу жылы алдында медицина бөлімінің қызметкерлері «Ұйымдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» тақырыбында кезекті дөңгелек үстел өткізді.

2022 жылдың 15 маусымында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесінің тәрбие бөлімінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ардақ Қазтайқызы Қалиева Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын талқылау бойынша семинар өткізді.

Қалиева А.Қ. тәрбие бөлімінің  қызметкерлерін  Қазақстан Республика - сының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасындағы өзгерістермен және 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 5 жылдық тұжырымдамасымен таныстырды. Семинар барысында қоғамда сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлері мен көріністеріне, оның ішінде тұрмыстық деңгейде төзбеушілікті қалыптастыру қажеттілігі атап өтілді.