Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі

2022 жылы 20 қазанда «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесінің 8 «А», 8 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына қатысқан оқушылар саны 20.

Тәрбие сағатында оқушыларға 2015 жылғы  18 қарашада қабылданған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы түсіндіріліп, Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар 8 сынып оқушылары осы тақырып бойынша өз пікірлерімен бөлісті.