«Адалдық Алаңы» жобасы аясында өткізілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбындағы тәрбие сағаты

2020 жылы 25 мамырда «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері және оқушыларының қатысуымен онлайн түрде «Адалдық Алаңы» жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағатын тарих пәні мұғалімі Бекежанова Динара Бекбосынқызы ашып, мақсатымен таныстырып, «Сыбайлас жемқорлық» туралы толық түсінік берді.

Тәрбие сағатына арнайы шақырылған мектеп заңгері Омарова Гульмира Жұмайбайқызы қатысып, «Адалдық Алаңы» тақырыбында баяндама оқыды.

Баяндамасында «Мәдениет және спорт министрлігі-Адалдық Алаңы» жобасымен таныстырып, жобаның атқаратын қызметін түсіндірді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша құқықтық базасына тоқталып, 1998 жылы 2 шілдедегі, 2015 жылғы 18 қарашасындағы №410 - V ҚРЗ бекітілген Қазақстан Республикасының Заңдарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне түсінік берді. Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруда жасалынып жатқан шараларға тоқталды.

Оқушылар тарапынан сұрақтарға жауап беріліп, 11 «А» сынып оқушысы Нұрсейіт Ардақ пен 9 «А» сынып оқушысы Жақсыбаева Венера өз пікірлерін білдірді.

Іс-шараны директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Молдашаева Сара Жапсарбайқызы қорытындылады. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс жасау мен жас спортшыларды сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеудің маңыздылығын басып айтты.