Соңғы қоңырау

2020 жылдың 25 мамырында еліміздің түкпір-түкпірінде, алыс-жақын ауылдарда, қалалардың барлығында дәстүрлі «Соңғы қоңырау» мерекесі өтті. Ешқандай вирус, ешқандай карантин  бұл мерекенің өтуіне кедергі бола алмады. Бір өкініштісі тек баршамыз мектеп алаңында жиналып, гүл шоқтарын сыйлап, құттықтау айта алмадық. Бұл керісінше оқушы мен ұстаз арасындағы сағынышты арттырып, ата-аналардың ұстаздарға деген сенімін арттыра түсті. Мерекенің басты мақсаты: Елімізде қандай қиындықтар болса да «Біздің бірге» екенімізді дәлелдеу.

Әр сынып жетекшісі қашықтықтан өз оқушыларын құшып, кезекті оқу жылының аяқталуымен құттықтады.

Ал биылғы мектеп бітіруші түлектерге бұл үлкен сынақтың алды болды.

10 «В» сыныбында да «Соңғы қоңырау» мерекесі өтті. Оқу озаттары мен екпінділері, ата-аналар құттықталып, қашықтықтан  алғыс хаттар табысталды. Алда ұзақ демалыс күндері.  Баршаңызға «Сәттілік», «Сабыр», «Сәт сапар» тілейміз!